|    |  
16 қараша 2018
04:03
қаз
​Үнді әйелдерінің маңдайындағы қызыл бояу нені білдіреді?
04 қазан, 17:41 1076

 
Үнді әйелдерінің маңдайындағы қызыл бояу «бинди» деп аталады. Ол әйел адамның индуизм дінін ұстанатынын және әйелдің тұрмыста екенін білдіреді. Бинди жарқын болашақтың белгісі саналады әрі әйелдің отбасындағы орнын білдіреді.
 
Ал оның дәл маңдайға жағылуының да өзіндік себебі бар. Екі қастың арасында «үшінші көз» бар деп саналады. Ал онда даналық жасырылған-мыс. Сонымен қатар бинди әйелдің әйелдік энергиясын сақтайды дейтін түсінік қалыптасқан. Тұрмыстағы келіншек үшін бинди ең алдымен сәттілік символы болып табылады.
 
Қазір биндиді оңтүстік және оңтүстік-шығыс Азия әйелдері жасы мен дәрежесіне қарамастан жағады. Қызыл түс қана емес, басқа түспен де бояуға болады яки орнына моншақ тағуға да рұқсат. Батыстың көптеген әншілері өздерінің стиліне сән беру үшін биндиді қосымша элемент ретінде де көрсетіп жүр.
 
Дереккөз: saintasia.ru
Теги: Сән әлемі
Жаңалықтар