20 Август
06:16
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
1 маусым 10:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үндістан полициясы "тыңшы-кептерді" ұстады
Үндістанның қауіпсіздік қызметі кептерден “көрші мемлекеттің жансызы” деп күдіктеніп отыр.



Бұл жайында Hindustan Times ақпарат көзі хабар таратты. Аяғына урду тілінде жазу жазылған қағаз байланған кептер Патханкот қаласында көзге түскен. Урду тілі Пәкістанның кейбір аудандарында қолданылады.

Балалардың бірі оны жергілікті шаштараз маңынан қолға түсіріп, полиция бөлімшесіне жеткізген. Полиция қызметкерлері кептерді рентгеннен өткізгенімен күдікті ештеңе байқалмаған. Десе де, кептер қазіргі уақытта қамауда.

Бейбітшілік құсы болып есептелетін құс күдікке бірінші рет ілігіп отырған жоқ. 2015 жылдың наурыз айында Пәкістанмен шекаралас Гуджарат штатында бір аяғында чип байланған кептер ұсталған болатын.

Пәкістан мен Үндістан арасындағы кикілжің  екі ел тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1947 жылдан бастау алғаны белгілі. Қазірге дейін екі ел арасында түрлі деңгейдегі қақтығыстар әлсін-әлсін орын алып келеді.
нравится:    681
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии