24 Август
01:17
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
22 шілде 10:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үндістанда ауыл тұрғындары дуа жасаған әйелдің басын кесіп алды
Үндістанның шығысындағы Ассам штатындағы ауылдардың бірінің тұрғындары қарт әйелді дуагерлікпен айналысты деп айыптап, басын шапқан, деп хабарлады жергілікті полиция.



63 жастағы Пурни Оранг атты әйелге ауыл тұрғындары арасында ауру таратты деген кінә таққан. Сосын оны осы айыбы үшін өлтіріп, басын кесіп алған деп хабарлайды Би-Би-Си.

Сонитпур ауданындағы ауыл тұрғындары сырқаттанып қалып, олардың кейбіреулері бұған Пурни Орангты айыптаған.

Өлімге қатысы бар деген күдікпен жеті адам ұсталды. Оның ішінде екі әйел бар.

Соңғы алты жыл ішінде Ассам  штатында дуагерлікпен айналысты деген күдікпен 90-ға жуық адамның басы кесіліп немесе тірідей өртеліп өлтірілген. 

Дереккөзі: Би-Би-Си
нравится:    882
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии