19 Август
22:32
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
4 сәуір 16:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үндістанда бұқа мен сиыр тойына иелері 27 мың доллар жұмсаған
Үндістанның батысында орналасқан Гуджарат штатында бұқа мен сиырдың тойына иелері 27 мың доллар ақша жұмсаған. Жергілікті ауылдардың бірінде өткен тойға 300 адам келген деп жазады  lenta.ru.



Малдың иелері Үндістан мен сол елдің азаматтары үшін сиырдың қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын көрсеткісі келген екен. Мұнымен қатар, осы әрекеттері арқылы мемлекет территориясында сиыр малын соғым ретінде союға қарсылықтарын білдірмек болған.

“Күйеужігіт пен қалыңдықтың” аттары – Арджун мен Пунам. Тойға келген халық малдарды көлікке мінгізіп, ел аралатқан.


Қалыңдық иесінің айтуынша, ол оны өзінің туған қызындай көреді. “Мен сиырлармен 30 жылдан бері тұрып келемін. Сондықтан бұл малдардың не нәрсеге лайық екенін ашып айтып бере аламын”, – дейді Пунамның иесі.

Мерекелік жиын үнді дәстүріне сай өткен.
 
нравится:    785
Теги: Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии