Әлем жаңалықтары
21 тамыз 11:53
Үндістанда кейуанаға тіл тигізген тотықұс жазаланды

Полицияға 85 жастағы кейуанадан арыз түсті. Шағымда айтылғандай, кейуананың үйіндегі тотықұс оған тіл тигізген, деп хабарлайды The Telegraph.  Артынша қанаттыны оның иесі Суреш Сакхаркардың сөйлеуге 2 жыл бойы үйреткені анықталды.  Сөйтсе, бұл адам кейуананың кезінде асырап алған баласы екен. Ол тотықұсты балағат сөздерге үйретіп, анасы келген кезде айтуға дағдыландырып қойыпты. Тілі шыққан тотықұс кейуана үйге келген сайын оны «ренжітіпті».  Белгілі болғандай, анасы мен оның асырап алған ұлы арасында осыған дейін мүлік пен жерге байланысты талас-тартыс туған.  Бір қызығы, полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қамалған тотықұс «ләм-мим» демепті. Қазір ол орман шаруашылығына берілген, деп жазады gazeta.ru.

Дереккөзі: 24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика