17 Август
15:48
Астана: 23 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
27 маусым 12:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үндістанда «сегізаяқ» сәби дүниеге келді


Үндістанның Бихар штатындағы Лакхисарай қаласындағы перзертханалардың бірінде денесі екі бөлінген (сиам егіздері), 1 басты, 4 қол, 4 аяғы бар сәби дүниеге келді. Дәрігерлер сәбидің мұндай қорқынышты құбыжық күйінде туылуының себептерін әлі анықтай алмай отыр. Сәбидің ата-анасы да туған шаранасын көріп, естерін жия алмай отыр.
 
Қыз баланың ата-анасы ауылда ферма шаруашылығының иелері болып табылады, олар жүктілік кезеңі қалыпты, ешқандай проблемасыз өткенін айтып, баланың мұндай болып туатынын күтпегендерін айтып көз жастарына ерік беруде. Дәрігерлер сәби туыла салысымен оны дереу жан сақтау бөліміне ауыстырғанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
 
Сәбидің ата-анасы мұндай өрескел ауытқушылықпен туған баланың өмірі көпке созылмағанын дұрыс деп санап отыр. Шамасы, бауыр еті балаларының өсе келе қиналған сәтін көргілері келмесе керек.

"Егер ол тірі қалған күннің өзінде біздің қызымыз үшін әрбір күн оның тірідей өлгенімен тең келетін еді. Ол өмір бойы қиналып өтетін еді. Сондықтан, оны қинамай, мәселенің тез арада өздігінен шешілгені дұрыс болды", — дейді сәбидің анасы Савита Деви.

"Мүмкін Құдай біздің өткен өмірдегі күнәларымыз үшін жазалаған шығар", — дейді оның жары Суреш Пил.

Дәрігерлер сәбидің өмір сүруге ешқандай мүмкіндіктері болмағанын тілге тиек етіп отыр.




Дереккөзі: Сегодня

 
нравится:    407
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии