20 Октябрь
03:47
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
20 маусым 11:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үндістанда сиырлар министрлігі құрылайын деп жатыр


Үндістанда елдің өмірінде ерекше орын алатын сиыр жануарын сақтау мен қорғауды жүзеге асыратын арнайы министрлік құрылғалы жатыр.
Бұл туралы The Wall Street Journal ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.
Бұл бастама Бүкіләлемдік индуистер кеңесінен шығып, премьер-министр Нарендра Модиге ұсыныс болып жеткен. Енді оны парламенттің шілде айында өтетін жаңа сессиясы қарағалы отыр.
«Сиыр біздің өміріміздің символы, мәдениетіміздің жаны болып табылады. Ал оған қазір жеткілікті көңіл бөлініп жатқан жоқ», – деп мәлімдеді атын атамаған шенеунік.
Оның айтуынша, идеяның мәні сиырларды қырылып кетуден сақтауға бағытталады. Сиыр көбейсе, елді сүтпен қамтамасыз ету жайы да жақсара түседі.
WSJ Үндістанда ірі қара малын союдың көптен бері үлкен мәселеге айналғанын айтты. Мұндай әрекеттер қоғамда бірден қатты қарсылыққа ұшырайды.
Мысалы, өткен жылы сиыр етін жегені үшін мұсылман кісі жұрттың тепкісінің астында қалып, азапталып өлді. Осының салдарынан елде екі жақты текетірестер бой көтеріп кетті.
 
нравится:    698
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии