20 Май
16:08
Астана: 20 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 328.31
EUR/KZT: 386.62
RUB/KZT: 5.27
CNY/KZT: 51.49
Әлем жаңалықтары
11 маусым 17:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Үндістандық 111 жастағы қария ұзақ жасауының сырымен бөлісті
Үндістандық 111 жастағы қария ұзақ жасауының сырымен бөлісті


Үндістан тумасы, бүгінде АҚШ-та тұратын Назар Сингх (Nazar Singh) өзінің 111 жасқа толған мерейтойын атап өтті, — деп хабарлайды The Daily Mirror. Ұзақ өмір сүруінің құпиясын ол жақсы ұйықтау, спортпен шұғылдану және тұрақты түрде виски ішуімен байланыстырады.[image_update_img]Фото: itv.com

Назар Сингхтың ұлы Чеиннің айтуынша, әкесі тәулігіне 9 сағат ұйықтап, бадам майы мен сүт ішеді екен. Осы жасқа толғанша бірде-бір рет ота жасатпаған. Ағымдағы жылдың бас жағында Үндістанға кеткен Назар Сингх туылған күнін сол жақта отбасымен қарсы алды.

Назар Сингх 1904 жылы 8 шілдеде Үндістанда дүниеге келген. Ол 1932 жылы Нарайн Каур есімді бойжеткенге ғашық болып, артынша шаңырақ құрған. Әйелі 90 жасқа толған шағында қайтыс болыпты. Назар Сингхтың 9 баласынан 34 немересі және 64 шөбересі бар.

Айта кетейік, әлемдегі ең кәрі тұрғын америкалық — Джералиэн Тэлли. Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні ол 116 жасқа толды.

Дереккөзі:nur.kz
нравится:    762
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии