|    |  
11 желтоқсан 2018
00:51
қаз
Үндістандық «алтын адамды» ақша үшін өлтіріп кетті
19 шілде, 09:45 712

 
Несие беру арқылы байыған, алтын бұйымдарға жаны құмар үндістандық кәсіпкер Датта Фуге кісі қолынан қаза тапты. Оның өліміне қатысты деген күдікпен төрт адам ұсталды. Бұл жанжалға ақша себеп болуы мүмкін.
Полицияның мәліметі бойынша, күдіктілердің бірі Фуге мен оның 22 жастағы ұлын Пуна қаласына (Мумбайдан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км) туған күн кешіне шақырған.
Фуге ұлымен бірге айтылған жерге келгенде, оларға 12 адам тас атып, суық қару қолданған. Күдіктілер ұлын өлтірмей, аяушылық танытыпты.
Датта Фуге үнемі алтын әшекейлер тағып жүретінімен танымал. Әсірісе, 2013 жылы 250 мың долларға алтыннан жасалған жейде жасатып киіп, әлемдік БАҚ-та аты шыққан.
Сол кезде Фугенің өзі: «Көп адамдар менен неге үнемі алтын тағып жүретінімді сұрайды. Бұл менің арманым еді. Әркімнің өз қызығушылығы бар. Кейбір адамдар  Audi немесе Mercedes, басқа да қымбат машиналар алады. Мен алтынды таңдадым»-деген еді.
 
 Дереккөз: ВВС


Жаңалықтар