21 Август
18:02
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
22 тамыз 10:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үндістандық премьердің киімі ең қымбат костюм ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бәссаудада сатылған үндістандық премьер-министр Нарендра Модидің монограммамен безендірілген костюмі Гиннесс рекордтар кітабында тарихтағы ең заманауи костюм болып танылды.

Солтүстік-үндістандық үлгі дәстүрімен тігілген бұл костюмді үндістандық премьер өткен жылы АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуде бір рет қана киген. Өткен жылы ақпандағы кездесуден  кейін Моди оны қайырымдылық аукционына қойды. Одан түскен қаржы  үндістер үшін киелі саналатын Ганга өзенін тазалау бағдарламасын іске асыратын қорға жіберілді.

Үндістандық белгілі тігінші Ахмедабад тіккен костюм шамамен миллион рупийге бағаланған, ол 43 млн рупийге сатылды. Оны бриллиант сататын компания иесі Лалджибхаи Патель сатып алды. Ол бұл бірегей костюм тарих қойнауына  кіруі үшін, Гиннестің рекордтар кітабына жүгінген. Бірнеше айдан кейін оған рекорд деп тану туралы ресми сертификат берілді.
нравится:    700
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии