18 Декабрь
03:24
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
20 қыркүйек 16:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Үңгірлерде орналасқан ерекше қонақ үйлер
Туристер таңғажайып жерлерді көріп, естен кетпес әсерлерге бөленгісі келеді. Оларға әдеттегі көз үйренген қонақ үйлер қызықсыз. Осы орайда саяхатшылардың сұранысына ие болған ерекше қонақ үйлер туралы сөз қозғамақпыз. Бұл үңгірлерде демалу үшін бірнеше ай бұрын тапсырыс беріп, жазылып қою керек.
  
Corte San Pietro (Матера, Италия)
 




Италияның оңтүстігіндегі бұл мекенде бұрын жергілікті тұрғындар өмір сүрген. Ал қазір туристердің аялдайтын жеріне айналған. Мұнда үлкен кереуеттер мен теледидарлар орнатылған, ғаламтор желісі қосылған нөмірлер бар. Бір бөлмеде түнеу құны 245 еуроны құрайды.
 
Grand Canyon Caverns (Аризона, АҚШ)

 

Пич-Спрингс (Peach Springs) қаласында 68 метр тереңдікте орналасқан бұл үңгірдің бөлмелерінің биіктігі 22 метр.  65 миллион жыл бұрын пайда болған. Grand Canyon Caverns – бұл АҚШ-тағы үлкен, ежелгі үңгір. Барлық бөлмесінде заманауи құрал-жабдықтар орнатылған. Шағын ас бөлмесі, жуынатын бөлмесі бар. Қонақ үй қызметкерлері суды күн сайын жеткізеді. Екі адамға арналған бөлмеде түнеу құны 800 долларды құрайды.
 
Desert Cave Hotel (Австралия)
 


Австралияның Кубер-Педи (Coober Pedy) қаласында орналасқан Desert Cave үңгір - қонақ үйінде түнейтін бөлмелер ғана емес, мейрамхана, конференц-зал мен дүкендер бар. Қонақ үй Эйр өзенінің төңірегінде, Австралияның ең төменгі нүктесінде орналасқан (теңіз деңгейінен 15 метрге төмен). Бір түнеу құны 160 доллар.
 
 Каппадоккия үңгірлеріндегі қонақ үйлер (Түркия)
 


Каппадоккия ─ орталық Түркияның суалған аудандарының бірі. Бұл жерде қола дәуірінің көптеген ескерткіштері сақталған. Осы ескерткіштерімен туристер назарын аударады. Kısmet Cave House, Serinn House және Cappadocia Cave Suites үңгірлеріндегі қонақ үйлер туристерге қызмет көрсетуге әзір. Uchisar Cave Pansion қонақ үйі атқа міну, ауада жүзу не болмаса велосипед тебу сияқты қызмет түрлерін ұсынады. Бұл үңгірлерде аялдау құны 90 еуродан басталады.
  
Sala Silvermine (Сала, Швеция)
 


Sala Silvermine ─ Стокгольмнан 100 шақырым жерде орналасқан Сала қаласындағы әйгілі қонақ үй. Бөлмелер 150 метр тереңдікте салынған. Оларға лифт арқылы ғана барады. Бұрын Sala Silvermine қонақ үйі шахта болған. Жыл сайын үш тонна күміс шығарыпты. Бөлмелердің жабдығы күміс түсті. Мұнда бір түнеу құны 445 еуроны құрайды.
 
Дереккөз: http://www.travel.ru/news/2016/09/17/256185.html
нравится:    873
Теги: Әлемге саяхат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии