23 Январь
12:17
Астана: -35 °C
Алматы: -14 °C
USD/KZT: 324.65
EUR/KZT: 397.66
RUB/KZT: 5.74
CNY/KZT: 50.73
Экономика
13 шілде 11:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұрланған туфлиді таппқан адамға 1 миллион доллар сыйақы берілмек
 

10 жыл бұрын қолды болған қызыл туфлидің қайда екенін айтқан адамға 1 миллион доллар сыйақы беріледі. Дәл сол туфлиді киіп 1939 жылы Джуди Гарланд «Оз елінің сиқыршысы/Волшебник страны Оз» фильміне түскен екен. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Туфлидің қос сыңарын 2005 жылы Миннесота штатындағы (АҚШ) Гранд-Рапидс қаласында орналасқан Гарланд музейінен біреу ұрлап кеткен.

Өзінің есімін құпия ұстап отырған адам осы туфлиді іздеп табуға кім көмектессе, соған 1 миллион доллар беретінін айтып отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.

Аталған фильмге Джуди Гарленд кезекпен үш түрлі туфли киіп түскен екен. Соның бірі Смитсон институтының коллекциясында сақтаулы.
нравится:    651
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии