19 Ноябрь
14:41
Астана: -1 °C
Алматы: -2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
30 қазан 09:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Уругвай президенті ұшақта бір қызды ажалдан алып қалды
Уругвай президенті  Табаре Васкес Парижге ұшу кезінде 17 жастағы француздық қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлады The Telegraph.



Васкес мамандығы бойынша дәрігер, деп жазды басылым. Оқыс оқиға 26 қазанда болған.
Трансатлантикалық ұшу кезінде қыздың тынысы тарыла бастаған. Кейін белгілі болғандай,  жеген жаңғаққа аллергиялық реакция болған екен. Қыздың анасы көмекке шақырған. Ұшақ командирі жолаушылардың арасында дәрігер бар ма екенін сұрады. 75 жастағы Васкес өз көмегін ұсынды. Уругвай президенті  өзінің жеке дәрігерімен реанимациялық шара ұйымдастырды. Бұл француздық қыздың есін жиып, Парижге аман жетуіне көмектесті. Ұшақ экипажына өзге әуежайға шұғыл қону қажеттігі туындаған жоқ.  
Васкес ресми сапарымен Францияда жүр.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    853
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии