18 Октябрь
09:32
Астана: 9 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
24 тамыз 15:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ұрылар мектепке қолтырауын кіргізген (ВИДЕО)

 
Австралияның Хампти-Ду қаласында төрт ер адам мектепке ұрлыққа түсіп, үш қолтырауын кіргізіп жіберген. Мектептің видеобақылау камерасына түсіп қалған видео ғаламторда жарияланды.
 
Оқиға Хампти-Ду қаласындағы Таминмин мектебінде болған. Қылмыскерлер үш қолтырауынды бір-бірлеп сынған терезе арқылы ішке лақтырған. Содан кейін есікті ашып кіріп, компьютер мониторын қолды еткен.
 
Қылмыскерлердің қолтырауындарды мектепке не үшін әкелгендері беймәлім. Қолтырауындар  аш әрі өздіктерінен қозғала алатын болса да, ұстаздар мен оқушыларға қауіп төндірмепті. Себебі жақтары жабысқақ лентамен оралған екен.
 
Полиция қызметкері Люк Макларен: «Қолтырауындар қалжыраған. Тыныш болды. Сондықтан ұстау қиынға соққан жоқ»-дейді.
 
Тергеушілердің болжамы бойынша, қолтырауындар жақын маңдағы фермалардың бірінен ұрланған. Мектептен табылған қолтырауындардың ең үлкенінің ұзындығы 2 метрге жеткен.
 
Қазір полиция күдіктілерді іздестіруде. Оларға ұрлық және жануарға қатыгездік танытқандары үшін айып тағылады. 38 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
 


Дереккөз: hronika.info
нравится:    785
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии