24 Август
05:12
Астана: 13 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
12 шілде 13:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Усама бен Ладеннің ұлы кек алатынын мәлімдеді


«Әл-Каида»-ның экс-көшбасшысы Усама бен Ладеннің ұлы әкесін өлтіргені үшін АҚШ-тан кек алмақ. Хамза бен Ладен аудио хабарламада таратты, деп хабарлайды Reuters.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, интернет желісінде "Біз барлығымыз Усамамыз" («Все мы Усама») деген тақырыпта 21 минуттық аудио хабарлама жарияланған болатын. 

«Біз сендердің елдеріңе және одан тыс жерлерде Палестина, Ауғанстан, Сирия, Ирак, Йемен, Сомали және басқа да мұсылман елдері халқын қанап-тонаған әрекеттерің үшін жауап қайтарамыз <…>. Шейх Усама үшін ислам ұлтының кек алуына келетін болсақ, біз оның жеке басы үшін емес, барша исламды қорғаушылар үшін есе қайтарамыз», – дейді Хамза.

Бұған қоса ол Құрама Штаттарға қарсы жариялаған «жиһадты» ұйымдастыруды жалғастыра беретінін айтқан.
«Абботабадта жасалған күнәлі қылмыс үшін жаза тартпаймыз деп ойлағандар қатты қателеседі», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, №1 террорист Усама бен Ладен 2011 жылы 2 мамырға қараған түні Пәкістанның Абботабад қаласында америкалық әскердің рейді кезінде қаза тапты. АҚШ арнайы жасағы террористің үйіне басып кіріп, оны атып өлтірген болатын. 

Операция кезінде Хамза бен Ладен жасырынып қалған болатын. Оның әзірше қайда екені және нақты жасы нешеде екені белгісіз. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, ол «Әл Қаида» ұйымын басқаруға дайындалып жатқан болуы мүмкін. 



Аударма: Айдар Жанай
нравится:    663
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии