19 Ноябрь
06:58
Астана: -5 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
13 қаңтар 12:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үш айдан бері аш отырған сириялықтарға гуманитарлық көмек жетті
БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, тұрғындары аштан қырылып жатқан Мадай қаласына азық-түлік толы керуен келіп жетті.



ирия жауынгерлерінің қоршауында қалған шаһарға мұндай көмек соңғы рет өткен жылдың қазан айында келген. Содан бері жергілікті тұрғындар ішер асқа жарымай, аштан қырыла бастаған. Қоршауда қалған қала тұрғындарының қарны тойып ас ішпегеніне үш айдың жүзі болды. Асханаларына қарасаң, қаңырап бос тұрған ыдыстан өзге ешнәрсе көзге ілінбейді. Тұрғындар «жылдың жылы мезгілінде жасыл шөпті талғажау етіп күнелтсек, енді жерді қар басқаннан бері қара суға тұз бен бұрыш қосып қайнатып ішіп, өлместің күнін кешіп жатырмыз», - дейді. Жергілікті аурухананың дәрігері Мохаммед Юсуфтың айтуынша, күніне аштықтан бұратылып 200-300 адам келеді екен. Солардың он шақтысы қаза тапқан. Ал Сириядағы ынтымақтастық қозғалысының негізін салған Абдулазиз Алмаши Мадай қаласындағы бұл жағдайға ел президенті Башар Асадты кінәлап отыр. Абдулазиз Алмаши, Сириядағы ынтымақтастық қозғалысын құраушы: - Адамдар ас пен дәрі-дәрмек тапшылығынан қатты зардап тартып отыр. Алайда бұл Асад үшін жаңалық емес. Ол оппозицияның қарауындағы бұл ауданға кіре алмағандықтан түрлі айла-шара қолданды. Солардың бірі – аштық. Мұны адамдарға қарсы қару ретінде пайдаланып отыр. Оның бұл әрекеттерін халықаралық ұйымдар кешірмеуі тиіс. Ал ресми Дамаск гуманитарлық апатқа әлі күнге дейін Мадай қаласында жасырынып жүрген содырларды айыптап отыр. Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Башар Джафаридің сөзінше, осыған дейін қалаға жіберілген гуманитарлық көмекті дәл сол ауданда жасырынған содырлар тонап алып кеткен. Дегенмен осы жолы аштық азабын тартқандарға жөнелтілген жүк көліктері діттеген жеріне аман-есен жетті. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, Мадай қаласының 400-ге жуық тұрғыны осындай халде. Ал жалпы қоршауда қалған аудандарда 4,5 мың адам азапты күн кешіп жатыр. Олардың барлығы гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    644
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии