17 Август
11:42
Астана: 17 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
7 желтоқсан 10:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үш ғасыр бұрын суға батып кеткен кеме табылды
Колумбия жағалауында осыдан 3 ғасыр бұрын суға батып кеткен испаниялық «Сан-Хосе» әскери кемесі табылды.

the_san_jose

Оның ішінде үлкен көлемде алтын мен күміс және өзге де асыл тастар болған, деп хабарлайды tumba.kz.

Суға батқан асыл тастар бірнеше миллиард долларды құрауы мүмкін. Кеме қалдықтарының табылуы мен зерттелуін ел президентінің өзі тікелей бақылауға алған. Алайда қазынаға қатысты нақты ақпарат жоқ.

-Осыдан 307 жыл бұрын жоғалған «Сан-Хосе» кемесінің табылғанына қуаныштымын. Су көлігі Кариб теңізінің бізге тиесілі бөлігінен шықты. Бұл адамзат тарихында су астынан табылған ең үлкен табыс болып саналады. Тарихи дүниені сақтау үшін жүргізілетін зерттеу жұмыстарының барлығы мемлекет бақылауында болады, – Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос.

Галеон “Сан-Хосе” Филипп V патшаның флотынан. Ол суға алғаш 1698  жылы Сан-Себастьянан шығарылды. Сол кезде 62 қоладан жасалған қару болған.  1706 жылы 15 кемеден басталған  керуенін бастап суға шыққан. Онда АҚШ-қа алтын жасауға сынап апарып, күміс алып қайтатын.

1708 жылы мамырда Картахен аумағында кемені ағылшындар басып, соғыс болған. Жарты сағаттан кейін  “Сан-Хосе” жарылып, 600 адам қаза болды. Сол кезде кемеде  7 миллионға жуық алтын, күміс және зүмріт болған екен.

300 жыл бойы іздеуде жүрген  осы кеме. Өткен ғасырдың 70 жылдарында Sea Search Armada атты америкалық компания кемені іздестірумен айналысқан. Ол 1981 жылы кеменің қай жерге батып кеткенін анықтаған еді. Ол езде Америка мен Колумбия елдері әріптес еді. Халықаралық дәстүр ді ұстанып, кемеден шыққан затты тең бөлісетін болған.  Бірақ артынан Колумбия  кемеден табылатын қазынаның барлығы Колумбияда қалады деп шықты.  Тіпті, бұл бойынша сот та болды. Ақырында  2011 жылы кемені Колубия мемлекетінің жекеменшігі деп жариялады.

Дереккөзі: http://stan.kz/
нравится:    997
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии