Әлем жаңалықтары
29 сәуір 10:20
Үш жасар бала BMW көлігін орнында шыр айналдырды (видео)

Ғаламторда BMW көлігін тізгіндеген 3 жасар бала түскен бейнеролик күн өткен сайын танымал болып барады.

Роликтің сипаттамасындағы мәліметке сенсек, бұл балақай Ирак елінің тұрғыны екен. Жасы небәрі үште болғандығына қарамастан, ол ескі БМВ көлігін тек жүргізіп қоймай, темір тұлпарды бір орында шыр айналдырып та айдауды жетік меңгерген.

Ал оны бейнеге түсіріп, ғаламторға жариялаған әкесі екені белгілі болды.

Газ және тежегіш басқыштарына аяғының ұшымен ғана жететін ол, көлік жүргізе отырып, камераға тура қарайды.


Stan.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика