Кербез
19 мамыр 17:27
Үш жастағы балада болатын дағдарыс
Балалар өсіп келе жатқан кезде күрделі өтпелі кезеңдер немесе дағдарыс кезеңдерін бастан кешеді.. Бұны барлық тәжірибесіз аналар мен әкелердің білу керек. Әдетте, дағдарыстар бір, үш, жеті, он үш немесе он төрт жасында (баланың жас ерекшелігіне қарай) байқалады. Егер балаңыз бұрындары сабырлы және мойынсұнғыш болған болып, кенеттен қыңырлық танытып, тіл алмайтын жағдайға жетсе, бірден  қолыңызға белбеу ала жүргірудің қажеті жоқ.



. Бала дағдарысты жеңгенде, ол еркіндікке ие болады және жеке тұлға ретінде дамудың жаңа сатысына шығады. Сонымен қатар, психологтар, егер бұл дағдарыс байқалмай және солғын күйде өтсе, ол баланың одан әрі дамуында ауытқу байқалатын болады. Дегенмен, одан қорқудың және жасанды түрде оны осындай эмоционалды мінез-құлыққа арандатудың қажеті жоқ.  Оставьте всё как есть. Оны сол күйінде қалдырыңыз. Көбірек көңіл аударуға және қолдау көрсетуге тырысыңыз, қолдау. Қалғандарын сіз үшін оның жасы мен табиғат заңдарын жасайды.

Әдетте дағдарыс бір жылға немесе одан да көп уақытқа созылады. Бұл баланың жасына байланысты. Осы кезеңде сіз оған көмектесуіңіз керек.. Баланы сабырлы және жұмсақ мәнерде тәрбиелеңіз. Оны түсініп, оған нақты жағдайды түсінуге көмектесетінін көрсетіңіз. Психологтар бұл жағдайды келесідей түсіндіреді: «Бала ата-анасының көмегінсіз бәрін жасай алады деп ойлайды. Алайда көп ұзамай бұлай еместігін түсінеді. Содан кейін ол қыңырсып, жылап, дауыстап айқайлай бастайды, қарсылық көрсетіп, ерегісе бастайды, бәріне қарсы болады. Үш жасында бала өзін басқалардан ерек сезінеді және тәуелсіз тұлға болуға тырысады. Оның өз әңгімесінде «мен» деген сөз жиі естіледі. Ол әлемді тануға, бірдеңе жасауға талпынады, бірақ ешқандай тәжірибесі болмағандықтан сіздің көмегіңізсіз жүзеге асыра алмайды. Оның «Мен өзім» деген қасиеттері пайда болғандықтан, оның кішкентай тәкаппарлық сезімі ересектерден көмек сұрауға мүмкіндік бермейді. Осылайша бүлікші мінезі пайда болады.

Баланың дамуындағы бұл процесті дұрыстау үшін, оны тұлға ретінде бағалайтыныңызды және құрметтейтініңізді көрсетіңіз. Оның заттарына, әсіресе ойыншықтарына рұқсатсыз қол тигізбеңіз. Сіз оған кітап оқып бермес бұрын,  оның келісімін сұраңыз. Бала кез келген уақытта ата-анасының көмекке келуге дайын екендігін түсінген кезде, ол қыңырлығын доғарып, өзінен ересек адамды көретінін білетін болады.

Баланы кез келген қарапайым жұмысты орындағаны үшін мадақтауды ұмытпаңыз. Оны білдірмей тәртіпке үйрете бастаңыз. Ойыншық жинауға және өз бетінше киім киюге баулыңыз. Баланы тек ересек адам санатына жатқызатыңызды ғана емес, ересек адамша талап ететініңізді де түсіндіріңіз.
 
Дереккөз: http://www.vospitaj.com

Комментарии




Яндекс.Метрика