24 Август
01:21
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
13 шілде 15:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұшақ жерде тұрған туристі ұшырып жіберді


Синт-Мартен аралында ұшақтардың ұшу-қону жолағы жағажайға өте жақын орналасқан.

Сондықтан, ұшақтардың ұшып шыққан және қонған сәтін тамашалау үшін мұнда туристер жыл сайын ағылып келіп жатады. Мұнда ұшақ жағажайда демалып жатқан адамдардың үстімен небәрі 30 метр биіктікте ұшып өтеді.

Осындай сәттерді тамашалаудан құр қалғысы келмей туристі темір қоршауға жабысып тұрған турист әйелді лайнер өз екпінімен ұшырып әкетіп, бетонға апарып соққан. Әйел оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды BNO News.

Қайғылы оқиға Джулиана ханшайым әуежайында кешкі мезгілде орын алды. Ұшып шыққан Caribbean Airlines әуе компаниясының №457 рейсі.

Boeing 737-800 қозғалтқышын іске қосқан сәттен бастап Жаңа Зеландиядан келген 57 жастағы әйелді ұшырып жіберген. Жергілікті полицияның хабарлауы бойынша, әйелді Синт-Мартен медициналық орталығына жөнелткен, алайда ол ауруханада алған жарақаттарының салдарынан көз жұмған.

Дереккөзі: https://life.ru
 
нравится:    207
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии