Әлем жаңалықтары
14 қаңтар 17:38
Ұшақ жолынан шығып кеткен лайнер теңізге құлап кете жаздаған
Ұшақ жолынан шығып кеткен лайнер өзенге құлап кете жаздаған. Аталмшы төтенше жағдай Түркия мемлекетінде, Трабзон әуежайында орын алған. 



Pegasus Airlines компаниясына тиесілі ұшақ жерге қона бере тиесілі жолынан ауытқып, өзенге сүңгіп кете жаздаған екен. Boeing 737 ұшағы қаңдардың 13-ші күні Анкара қаласынан ұшып келген екен. 



Бұған дейін аталмыш ұшақ Украина еліне рейстік қатынас жасап үлгерген. "Анкара - Киев", "Киев - Анкара" бағытында жасалған рейс дін аман ұшып қонғанын хабарлайды Pegasus Airlines компаниясының өкілдері.



Қазіргі таңда аталмыш ұшақтың неліктен апатты жағдайға ұшырағаны анықталуда. Нaberturk ақпараттық агенттігінің пайымдауынша Pegasus Airlines апатты жағдай салдары анықталған бетте бар жаңалықты айтатынын мәлімдеген. Қазіргі таңда ұшақты жардан көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 



Дереккөзі: http://argumentua.com 

Комментарии




Яндекс.Метрика