|    |  
20 тамыз 2019
12:31
қаз
Ұшақта неге ұйықтауға болмайды
20 қыркүйек 2017, 16:47 41



Гарвард медицина мектебі жүргізген зерттеуге сәйкес, ұшақта ұйықтау есту қабілетін жоғалтуға алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Independent британдық басылымы.
 
Сарапшылардың деректері бойынша, әсіресе ұшақ бірден жоғары көтерілген немесе төмен түскен кездегі ұйқы денсаулыққа өте қауіпті болып табылады. Мұндай жағдайда адам ағзасы дабыл жарғағындағы қысымды әлсіз реттейді. Айырмашылықты өтеу үшін жолаушыларға ауызды кеңірек ашып есінеуге немесе бір нәрсе шайнауға кеңес беріледі. Міне сондықтан да стюардессалар ұшу немесе қону алдында шайнайтын кәмпиттерді таратады. 

Ұйықтап жатқан адам мұндай қарапайым әдістермен өзіне көмек көрсете алмайды. Ұйқы кезінде бастағы қан қысымы өзгеріссіз қалуы мүмкін, себебі бұл кезде Евстахиев түтігі бұғатталады. Бұл өз кезегінде құлақтың атмосфералық жарақат алуына алып келеді. Әдетте олар елеусіз және қауіпті салдарларға алып келмейді, бірақ қабынудың қозуы қаупі бар. Бұл ауырып шаншуларға және есту қабілетінің бірден нашарлауына соқтыруы мүмкін.
 
Денсаулыққа мұндай қауіп тудырмау үшін ұшу және қону кезінде ұйықтамаңыз. Бұл автокөлікпен немесе арнайы көтергішпен тау басына көтерілгісі келетін және аквалангпен су астына сүңгуге бекінген жандарға да қатысты. Дегенмен, соңғы жағдайларда ешкімнің ұйықтағысы келмейтіні анық. 


Дереккөзі: http://news.turizm.ru


Жаңалықтар