Бақытты әйел» бағдарламасында пікірін білдірді.
20 Июль
22:01
Астана: 26 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Әлем жаңалықтары
16 сәуір 12:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекованың ажырасып кеткені рас па?
Бірнеше ай бұрын әнші Ақбота Керімбекова үшінші мәрте тұрмыс құрған болатын. Әншінің таңдауы өзінен сегіз жас кіші Рауан есімді актер азаматқа түскен болатын. Бірақ шаңырақ көтергендеріне көп болмаса да ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткені туралы ақпарат тарауда. Осы орайда әнші «Бақытты әйел» бағдарламасында пікірін білдірді.



"Отбасы болғаннан кейін барлық жағдай болады ғой. Кейде ренжісіп жатасың, кейде түсінбей жатасың. Осы жолы тұрмысқа шығарда да айтқан болатынмын. Ешбір адам ертеңгі күнінің не боларын білмейді. Менің бақытты болғым келді. Кез келген әйел бақытты болуды қалайды. Ажырастым деп айта алмаймын. Бірақ біраз түсініспеушіліктер, реніштер болды. Қауесеттің бәрі шығып жатқаны да сол себептен шығар. Ол да адам баласы. Ол да біреудің баласы. Ата-енемді жақсы көремін, қайынбикелерімді де жақсы көремін. Өйткені ол кісілердің маған ықыласы ерекше. Қашан да еркелетіп отырады. Бұл реніштердің себебін де айта алмаймын. Өзім әйел, өзім еркек болып, ер азаматтың алдына түсіп алып, барлық шаруаға өзім жүгіретіндігім шығар. Рауанды да кінәламаймын. Ол да біреудің жалғыз ұлы. Ерке өскен. Көп жерде түсінісе алмай қаламыз. Енді ертеңгі күніміз уақыттың еншісінде"-дейді әнші.
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    969
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии