21 Август
06:56
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
20 маусым 14:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұсталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жұбайы мәлімдеме жасады
Өткен аптада тұтқындалған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің жұбайы, журналист Жәмила Айымбетова facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады. Орысша мәтінді қазақшаға қаз-қалпында аударып, алып-қоспасыз назарларыңызға ұсынамыз.


 
«Мен, Жәмила Айымбетова-Тоқмәди, журналист, қоғам қайраткері, кәсіпкер, екі баланың анасымын. Осы мәлімдемені белгілі кәсіпкер, спортшы, қоғам қайраткері, «Алтын Сапа» Президент сыйлығының, «Құрмет» орденінің игері, жолдасым Мұратхан Тоқмәдидің атынан жасап отырмын.
 
Дүйсенбі күні, 2017 жылдың 12 маусымында оны 194-баптың 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша бопсалау бабымен ҰҚК ұстап әкетті. Бұл бап аса ауыр қылмыстар санатына жатпайды. Соған қарамастан ұстау операциясына ҰҚК, ІІМ, Бас Прокуратура, арнайы қызмет күштері жұмылдырылды. Әр қаладан аталған ведомстволардың жоғары шенділерінен ведомствоаралық жедел топ құрылып, бір уақытта біздің пәтерімізде, оның үлкен балаларының үйлерінде, Алматы мен Астанадағы «Қазстройстекло» зауыттарында тінту жүргізді.
 
Біздің пәтерімізді тінткен кезде мен жалғыз болдым. Менің өтінішіме қарамастан маған адвокаттар мен туыстарымызды жібермеді. Тінту жүргізген жедел қызметкерлердің бірі маған моральдық қысым жасап, қоқан-лоққы көрсетті Заң бойынша өзіме берілген құқықты пайдаланып, жолдасыма қарсы жауап бермейтінімді айтқанда тергеуші Мұратханға көмектескенім үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуым мүмкін екенін айтып қорқытты.
 
Тергеу тобының осы істерінен басқа әрекеттеріне шағымым жоқ. Жоғарыда аталған фактілер кездейсоқтық шығар, әрі қарайғы тергеудің заңды, әділ, объективті болатынына, ал іс бойынша тергеуге қатысатын адамдардың құқықтары сақталатынына үміттенемін.
 
Тергеу тобы басшысының адал әрі барлығын заң шеңберінде жасауға деген ниетін көрдім. Бұдан кейін де осылай жалғасады деп үміттенемін. Өкінішке қарай бірқатар БАҚ өкілдерінің, атап айтқанда КТК телеарнасы қызметкерлерінің кейбір істері шектен шыққанын айтуым керек.

Тұтқындау кезінде бұл телеарнаның да, басқа БАҚ-тың да операторлары мен журналистері болған жоқ. Бірақ сол күні кешкі жаңалықтарда операция жүргізілгенде түсірілген видеолар берілді.
 
Тергеу тобы үшін түсірілген видеоны үшінші тұлғаларға, оның ішінде журналистерге беру заңды бұзу болып табылады. Оның үстіне БАҚ өкілдері жолдасым мен оған тағылған айыптар туралы жалған ақпарат тарата бастады. Тағылған айып жолдасымның бұрынғы серіктесі Непропекин Сергей Анатольевичтің жауабына негізделіп отыр. Олар 2003 жылы «ҚазСтройСтекло» компаниясын құрған болатын. Бірақ бірер жылдан кейін жолдасым оның үлесін сатып алды. Оған дәлел боларлық құжаттар да бар. Бертінге дейін олар қарым-қатынастарын үзген жоқ. Алайда аты аталған азамат менің жолдасымның оны ортақ бизнестегі үлесін сатуға мәжбүрлегенін айтыпты.
 
Құқық қорғау органдарынан ресми баспасөз хабарламасы берілмесе де жоғарыда аталған БАҚ жалған ақпарат таратуды жалғастырып жатыр. Оның өмірбаянынан, белгілі бір азаматтармен арасындағы жанжал, оппозициямен байланысы жөнінде негізсіз ақпарт таратуда. Біздің елдің қолданыстағы заңы бойынша сот шешімі шықпайынша адамның кінәлі деп танылмайтынын «әріптестерімнің» естеріне салғым келеді. Оған қоса БАҚ туралы заңда жала жапқаны, яғни құжат бойынша расталмаған немесе ресми дереккөз бермеген ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы бап бар.

Жолдасымды 20 жылдан астам уақыт білемін және Мұратханның 14 жыл бұрын Сергей Непропекиннен үлесін тартып алмағанын, күш қолданбағанын мәлімдеймін.
 
БАҚ-тағы қылмыстық топ құрғаны, жоғары лауазымды адамдармен, саяси көзқарастарына байланысты бұрын сотталған және қамаудағы тұлғалармен байланысы болғаны туралы ақпараттың барлығы оның ары мен абыройына нұқсан келтіретін өтірік, жала.
 
Мұратхан Тоқмәди Әблязовпен де, Дүтбаевпен де, «Караван» мен КТК атаған тұлғалардың ешбірімен ешқашан ешқандай байланыста болған жоқ. Ол олармен ешқашан кездеспеген. Ол ешқашан кісі өлтіруге немесе басқа да ауыр қылмыстарға тапсырыс берген жоқ. Бұл өтірікті растайтын ешқандай факті жоқ. Ол тек бизнеспен айналысты. Оны саяси процестерге араластыру ақылға қонымсыз және толықтай ойдан шығарылған. Мұратханның бұл процестерге ешқашан қатысы болған жоқ.
 
Мен және біздің отбасымыздың мүшелері тергеудің қолданыстағы Заңға сәйкес жүргізілетініне және жоғарғы биліктің жолдасымның және отбасымыздың құқықтарының бұзылуына жол бермейтініне үміт артамыз. Қоғам мен өз әріптестерімнен – адал, тәуелсіз журналистерден өтірік пен жалаға жол бермеуді сұраймын. Өмір бойы өз еліне қызмет еткен Қазақстан азаматы ретінде мен тергеу адал әрі объективті жүргізіледі деп үміттенемін және жолдасымның, балаларымның әкесінің ары мен абыройын соңына дейін қорғаймын. Достарымызға, тустарымызға және бізді қолдаған барлық азаматтарға алғыс білдіремін». 
нравится:    348
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии