|    |  
15 желтоқсан 2019
04:32
қаз
Уы 100-ден астам адамды өлтіруге жететін жыланды ұстап алды
16 қаңтар 2018, 12:27 53


Аустралиялық парктегі улы жылан рекорд орнатты. Уиплаш деп аталатын жылан бір рет шаққанда 3 грамнан астам у бөліп шығара алады екен. Бұл 100-ден астам адамды өлтіруге жетеді, деп мәлімдейді ғалымдар.

Жыланның ұзындығы екі метрге дейін жетеді, ол бір рет шаққанда өзінің тұқымдастарымен салыстырғанда екі есе көп у бөліп шығара алады.

Аустралиялық бауырымен жорғалаушылар паркінің басшысы Дэниел Рамси жыланның бұл түрі өте қауіпті екенін атап өтті.

Тайпан — әлемдегі ең қауіпті және аса озбыр жылан түрі, ол шаққан әрбір екінші адам өмірмен қош айтысады, тіпті антидот та көмектеспейді.
 
Бұған дейінгі рекордтар тайпан тұқымдастарының маккое, жолбарыс жылан және құм эфасына тиесілі болатын, алайда олар бір рет шаққанда бөлетін уы 2 грамнан аспайтын.


Дереккөзі: Сегодня
 


Жаңалықтар