19 Август
22:34
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
22 қаңтар 17:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үй бургерлерін қалай жылдам әзірлеуге болады?
Бургерлерді ересектер де, балалар да жақсы көреді, олар серуенге де, табиғат аясына шыққанда да жақсы тағам түрі болады. Бургерлер қатаң ұстанатын рецепттерінің жоқтығымен жақсы: сіз қалауыңызша қиялыңызға жүгініп, мінсіз нұсқаларды таба аласыз. Үй жағдайында бургерді қалай дайындайтынын білгіңіз келе ме? Біздің рецепттерімізді қолданыңыз. Сізге арнап 5 ең қарапайым, әрі дәмді нұсқаны жинадық. Классикалық чизбургер

Үй жағдайында пісірілген бургер (фото)

Ингредиенттер 6 адамға арналған

Сиырдың тартылған еті — 900 г
Ұнтақталған сарымсақ — 1 ас қасық
Тұз — 1 шай қасық
Жаңа ұнтақталған қара бұрыш— 1 шай қасық
Балқытылған ірімшік— 12 тілім
Күнжіті бар бургерлерге арналған тоқаш — 6 дана
Домалақтап туралған қызанақ— 12 дана
Қызыл басты пияз— 12 тілім
Аз тұздалған қияр — 24 бөлік
Айсберг салаты — 6 жапырақ
Кетчуп және майонез — қалауыңызша

Нұсқаулар

Үлкен ыдысқа тартылған етті, ұсақталған сарымсақты, тұз бен бұрышты араластырыңыз. 

6 бірдей бөлікке бөліңіз және тоқашқа сәйкес өлшеммен жалпақ котлетті пішімге келтіріңіз. 

Грильді немесе табаны жоғары температураға дейін қыздырып, котлеттерді қызарғанша бір жағынан қуырыңыз. 

Котлеттерді екінші жағына аударыңыз да, үстінен ірімшіктің екі тілімін қойыңыз. Тағы бір-екі минут қуырыңыз да, оттан алыңыз. 

Тоқаштарды екі бөлікке бөліңіз, оларға тұздық жағып, арасына барлық салманы салыңыз

Дереккөзі: kz.everydayme.com
нравится:    859
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии