|    |  
23 қаңтар 2019
04:12
қаз
Үй тазалығы әйелдердің мінезіне де байланысты - ғылыми зерттеу
06 ақпан 2016, 19:20 0


Үйдің шашылып жатуы зиянды тағамдарды екі есе тұтынуға итермелейді, деп хабарлады Eurek Alert.
Ерекше эксперимент көрсеткендей, әйелге ыдыс жуылмаған, қабырғада жиі шырылдаған телефон ілініп тұрған лас асханада басқа адамды күте тұру ұсынылған және таза асханада отырған бақылаудағы топ болды.

Бұл ретте оларға печенье, крекер, сәбіз ұсынылды. Таза асханада отырғандармен салыстырғанда, үйлесім бұзылған ортадағы адам печеньені екі есе жеп қойған. Үйін жинамайтын әйелдер 10 минутта 65 калория артық тұтынған. 

Ғалымдар эксперимент алдында олардың өмірлерінен естелікпен бөлісіп, әйелдің табиғатын зерттеген. Біреулер үнемі бақылауда ұстаған жағдайларды жазса, енді бірі бақылаудан шығып кеткен сәттерін еске түсірген. Екінші топ әйелдері бақылауды жоғалтқан әйелдерге қарағанда, лас асханада отырып та, өздерін мықты ұстап, 100 колория төмен тұтынған. Осыған орай ғалымдар адамдардың мінез-құлқы қоршаған ортаның ретсіздігінен ғана емес, бақылауды ұстай білуіне де байланысты деп санайды.


Дереккөзі: Eurek Alert


Жаңалықтар