|    |  
25 сәуір 2019
07:14
қаз
Үй жабдықтарын химиясыз тазалау
23 қаңтар 2019, 14:58 5


Тұз, ас содасы, сірке суы және басқа да қолжетімді заттарды түрлі үйлесімде қолдану арқылы тазалауға арналған қымбат химиялық құралдарды ауыстыруға болады. 

Асүй шкафтары 

Шкафтардың есіктері мен тұтқаларындағы қолмен ұсталған іздерді ескі тіс щеткасы және қолдан жасалған паста арқылы кетіруге болады. Пастаны дайындау үшін 1 бөлік өсімдік майын 2 бөлік ас содасымен араластырыңыз. 

Азық-түлік турайтын тақтай 

Лимон мен тұз — асүйді ретке келтіруде қолданылатын қарапайым әрі экологиялық өнімдер. Азық-түлік турауға арналған ағаш тақтайға тұз сеуіп, одан соң оны жарты лимонмен ысу керек. Сонда тақтайдағы дақтардан және жағымсыз иістен арыласыз. Егер тақтайды ыдыс жууға арналған құралмен тазаласаңыз, химиялық иіс пен дәм қалып қояды. 

Душтың басы (бастиегі) 

Егер су душ торынан жан-жаққа атылып ағылса, тесіктер тотпен бітеліп қалған болуы мүмкін. Одан құтылу үшін қарапайым полиэтиленді пакет алыңыз, оған сірке суы мен қарапайым суды 1:1 қатынаста құйыңыз. Содан соң осы пакетке душтың басы толықтай еніп тұратындай бекітіп қойыңыз. 15-20 минут ұстаған соң, пакетті алып, сумен шайыңыз. 

Ванна бөлмесі 

Ваннаны және кафельді тақтаны сарғыш түстен тазарту үшін мынадай қоспа көмектеседі: 0,5 стақан ас содасы, 60 мл сутек тотығы және ыдыс жууға арналған 1 шай қасық сұйықтық. 

Микротолқынды пеш 

Бірнеше лимонды бөліктерге бөліп, суы бар әйнек ыдысқа салыңыз. Ыдысты микротолқынды пешке салып, су қайнаған соң, бірнеше минут ұстаңыз. Содан соң микротолқынды пештің ішіндегі кір жерлер жылдам тазарады. 

Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша ( раковина) 

Грейпфрут пен лимон — жақсы тазартатын жемістер. Грейпфрутқа немесе лимонға аздап тұз сеуіп, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаны ысқылап шығыңыз. Айнадай таза болғанын бірден байқайсыз. 

Пердеше (жалюзи) 

Қолыңызға таза шұлық киіп алыңыз. Оны 1 бөлік қарапайым судан және 1 бөлік сірке суынан тұратын ерітіндіге малып, пердешенің беттерін сүртіп шығыңыз.

Дереккөзі: "ПТ" топатасмынан 


Жаңалықтар