23 Август
14:11
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
1 сәуір 10:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үй жануарларынан жұғатын аурулар

Үй жануарларын жақсы көретіндер көп. Алайда ұнатпайтындар да бар. Мәселен, мысықты бірі ұнатса, бірі тіпті жиіркенеді екен. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің өз ауруы, емі бар. Сол секілді үй жануарларыда ауырады. Алайда сол аурудың жаман тұсы жануарлар өз ауруларын иелеріне жұқтырады. Бұл адам өміріне қауіп төндіретіндіктен, назарларыңызға үй жануарларынан тез жұғатын ауру түрлерін ұсынамыз.

Токсоплазмоз. Бұл ауру тек мысықтардан ғана жұғады. Аурудың жұққаны бірден білінбейді. Ол жұққаннан бірнеше ай немесе жылдан кейін ғана шығады. Науқасты әлсіздік мазалап, ыстығы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастайды. Токсоплазмоз әсіресе аяғы ауыр әйелдерге қауіпті. Себебі балаға айтарлықтай зияны тиеді. 

Сақтану жолдары: Аяғы ауыр әйелдердің мысыққа жоламағаны дұрыс. Егер сіздің аяғыңыз ауыр болса, үйде мысық ұстамаңыз. Ал үйіңізде мысық болған жағдайда, оны далаға серуенге шығармаңыз. Жануарды сипалаған кез келген адам қолын сабындап жуғаны дұрыс. 

Орнитоз. Адамдарға ауру кептерден жұғады. Ауру жұқтырған адамның өкпесі қабынып, жазылуы қиындайды. 

Сақтану жолы: Жабайы кептерлерді қолыңызға ұстамаңыз және балаларыңызға да ұстатпаңыз. Есіңізде болсын, қолға үйретілген кептер адамның қолына отырмайды. 

Құтыру ауруы. Ит пен мысықтан, жабайы аңдардан жұғады. Адам ағзасына құтыру вирусы қан арқылы тарайды. Бұл аурудың емі жоқ. Бұл дертке шалдыққан адамның денесі тырысып, судан жиіркеніп, сал болып, шөліркеп және жағдайы күрт төмендейді. Құтыруға шалдыққан адамға ең мықты дәрігер де көмектесе алмайды. Бірнеше күн азаптанған адамдар осы дерттен соңында қайтыс болады. сондықтан сақ болған дұрыс. 

Сақтану жолы: Есіңізде болсын! Құтырған жануарлардың ең бірінші мінезі өзгереді. Ондай жануарлар себепсізден-себепсіз мияулайды немесе үреді. Егер сізді осындай жануар тістеп алса, тез арада дәрігерге көрініңіз. Маман жарақатыңызды таңып, ары қарай не істеу керегін түсіндіреді. Әдетте, дәрігерлер жануарлар тістегенде ветеринар-маманға көрінуге кеңес береді. Ал сізді көше жануары тістеген болса, онда арнайы екпе жасатқаныңыз дұрыс.

Мысықтың тырнауынан туатын ауру. Құтыруды жұқтырған мысық тырнап немесе тістеп алғанда құтыру ауруы жұғады. Тістелген немесе тырналған жерде алдымен кішкене жара пайда болады. Жараның жанынан лимфикалық түйін шығады. Кей кезде лимфикалық түйін іріңдеп кетеді. Науқастың қызуы көтеріліп, қалтырап, жағдайы нашарлай бастайды. Бұл аурудың бір ғана жақсы жағы, ол ешқандай із қалдырмай жазылып кетеді. 

Қалай сақтану керек? Жабайы мысықтарға жоламаңыз. Егер үйіңіздегі мысығыңыз далада көп жүретін болса, оның ашуына тимеген дұрыс. 

massaget.kz
нравится:    1089
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии