21 Август
10:27
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
26 маусым 15:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұялы телефонның тыңдалуының белгісі

Бүгінгі технологияның жан-жақты дамыған заманында өзге біреудің ұялы телефонына шпиондық бағдарламаны орнату қиын емес, сондықтан дәл қазір сіздің телефоныңыздың тыңдалмай отырғанына кім кепілдік береді?

Бірден айтып өту керек, ұялы телефонның сигналын әлдебір антенналы қорапшамен тыңдау мүмкін емес. Мәліметтерді беру каналы жақсы шифрланады, сондықтан «тыңдаумен» арнайы қызметтердегі операторлар ғана айналысады. Бірақ, сүйікті әйеліңнің артынан анду үшін де аса дамытылған жоғары технологиялы құрылғылар керек емес. Себебі, бүгінгі интернетте түрлі бағдарламалар әбден қолжетімді. Олардың көмегімен білдіртпей жұмыс істеп, телефон әңгімелерін, SMS-хабарламаларын, географиялық орналасуын, тіпті түскен суреттерін көруге, сақтауға немесе басқа жерге жіберуге болады. Кейбір бағдарламалар тіпті «жучок» сияқты жұмыс істей алады: сіз телефонға қоңырау шалып, барлығын білдіртпей тыңдай аласыз. Бұл құпиялы отырыстарды, кездесулерді тыңдауға өте ыңғайлы.

Телефонда ондай құрылғының бар-жоғын анықтау қиынға соғады. Бірақ «тыңдалудың» бар екенін көрсететін белгілер бар.

Батареяның артық қызып кетуі

Егер сіздің телефоныңыздың батареясы шамадан тез қызып кетсе, бұл телефонның өте белсенді жұмыс істейтінін білдіреді. Ұялы телефонмен сөйлескен кезде мұндай жағдай әрине қалыпты, дұрыс. Ал егер аппараттың өздігінен қызып тұратын жағдайы болса, телефонда шпиондық бағдарлама орнатылғаны бек мүмкін.

Телефонның қуаты тез таусылады

Бұл пункт алдыңғымен байланысты. Егер телефонды ешкім пайдаланбаса да, қуат көзінің тез таусылып қалатындығы басқа бағдарламаның өздігінен жұмыс істеп тұрғандығын байқатады.

Өшірілу кезінде іркіліп қалуы

Ұялы телефонның өшірілу кезінде іркіліп қалуына назар аударыңыз. Егер телефон өшірілу кезінде ұзақ уақыт бойы өз жұмысын тоқтатпай, экран жарығын өшірмесе немесе ұялы телефон мүлде сөндірілмесе, бұдан секемденуіңізге болады. Әрине мұнда техникалық ақаулар да орын алуы мүмкін, бірақ ойлануыңыз орынды.

Ұялының нашар жұмыс істеуі

Егер ұялы телефоныңыздың экраны өздігінен бір қосылып, бір өшіріліп тұрса немесе тіпті қайта жүктеліп (перезагрузка), программалар өздігінен іске қосылса, онда сіздің сөйлескеніңіздің тыңдалуы әбден мүмкін. Әрине кей кезде телефон ішіндегі операциялық жүйелердің де ақауы туындауы болады, бірақ мұндай жағдайларды ескерусіз қалдырмаған жөн.

Байланыстағы ақаулар

Байланыстағы ақаулардың екі түрі болады: 1) телефонмен сөйлескен кезде сізге естілетін ақаулар; 2) телефонға аудиоколонкаларды жалғаған кезде туындайтын ақаулар. Егер сіз кез-келген абонентпен сөйлескен уақытыңызда түрлі шулар, ысылдаған дыбыстар естілетін болса, онда ойланатын кез келді. Әрине, кей жағдайларда байланыстың нашарлығынан мұндай ақаулар жиі ұшырасып отырады, ал егер сіз қалалық аумақта болып, байланыстың жақсы жерінде тұрсаңыз, онда бұл күдіктенуіңізге тұрарлық жағдай.

Ал егер сіз өз телефоныңызды аудиоколонкаларға немесе динамикаларға жалғаған жағдайда, «бүлкілдек» дыбыстар естілсе, ұялыңызға әлдебіреудің қосылғанын білуге болады.

http://zhanaqorgan-tynysy.kz/yaly-telefonny-ty-daluyny-belgisi-2/
нравится:    821
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии