|    |  
16 қазан 2019
17:15
қаз
Үйде фриді қалай әзірлеуге болады?
14 желтоқсан 2016, 10:59 285


Балалардың сүйікті асы ғана емес, фриді ересектер де сүйсініп жейді. Дегенмен, исі мұрынға келіп, түрі көздің жауын алғанда фаст-фуд екенін білсек те алып қоятынымыз бар біздің. Әрине, зяинды тағамдар қатарынан болса дағы анда-санда жеп тұруға болады. Себебі, картоптың да құрамында да йод, магний, калий, темір, В дәрумені сынды пайдалы элменттер бар. Алайда, оны кафе, рестораннан сатып алғаннан гөрі үй жағдайында әзірлеуге болады емес пе?

Біріншіден, мұндай орындарда май бірнеше рет қызыдырылады да канцерогендер пайда болады.

Екіншіден, тұздың мөлшерден тыс көп болуы гипертониялық ауруларға, инфарктқа алып келеді.

Үшіншіден, үй жағдайында  дайындау арзан әрі тиімді.

Фри картобын үй жағдайында әзірлеу барысында есіңізде болсын:

Картобыңыз жаңа піскен болғаны дұрыс.
Тазалап, ашып алғаннан кейін салқын суда ұстау қажет. Себебі, картоптағы крахмалды су өзіне сіңіріп алады.
Кейін құрғақ орамалмен сүртіп алсаңыз, артық ылғалдан арыласыз. Ал жақсылап құрғаған сайын фри қызара түседі.

 Дайындалуы:

Фриді ұзынша етіп 1Х1 см бірдей өлшемде турап алу керек. Кейін түбі қалың табаға майды көп қылып құйып, кепсерге салып тұрып қуырыңыз. Қызарғаннан соң фриді ала беруге болады. Қағаз майлықпен майын сүртіп, тарелкаға салғаннан кейін ғана тұз себіңіз.

 Асыңыз дәмді болсын!

http://anabol.kz/damdi-day/471-uy-zhagdayynda-fri-kartobyn-azirleu


Жаңалықтар