18 Декабрь
09:22
Астана: -21 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
20 сәуір 15:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үйде шырын дайындау: пайдалы кеңестер
Супермаркеттер бізге жеміс-жидек шырындарының алуан түрін ұсынады. Дегенменде өзіңіз дайындаған дәрумені мол шырын сіздің отбасыңызға, өңдеуден өткен шырынға қарағанда көп пайда әкеледі.


[✴]  1. Шырын дайындау үшін ең жақсы,піскен және денсаулыққа пайдасы мол жеміс-жидектерді таңдаңыз. Жеміс-жидектердің соғылған, шіріген немесе босап қалмағанына көз жеткізіңіз. Пайдаланар алдында суға дұрыстап жуыңыз.

[✴]  2.  Пышағыңыздың және пайдаланатын заттарыңыздың алюминийден және темірден болмауына көңіл бөліңіз. Себебі жемістер алюминиймен немесе темірмен байланысқа түсіп шырынның құрамы мен дәмі бұзылуы мүмкін.

[✴]  3. Кесілген бөліктерін бірден шырынсыққышқа жіберіңіз. Себебі кесілген жеміс-жидектер тұрып қалса, дәмі мен құрамын жоғалтуы мүмкін.

[✴]  4. Шырынға көкөністердің жапырақтарын қосып үйреніңіз, себебі олар дәрумендер мен минералды заттарға өте бай келеді.

[✴]  5. Цитрус өнімдерінен шырын дайындағанда ішіндегі жұмсағын бірге қосуды ұмытпаңыз. Өйткені барлық дәрумендер сол жерде болады.

[✴]  6. Аз ғана тамшы лимон сығындысы шырынның түсін сақтап қалуға және шырынның қышқылданып кетпеуіне көмектеседі.

[✴]  7. Егер шырынның ішінде жеміс-жидектердің түйірлері сақталып қалғанын қаласаңыз, шырынсыққышпен бірге блендерді қолданыңыз.

[✴]  8. Шырынды дайындап болғаннан кейін 1 сағат өткесін ішіңіз немесе қақпақтан ауа өтпейтіндей етіп жауып тоңазытқышқа салып қойыңыз. Немесе дайын болғаннан кейін бірден қатырып алыңыз да, мұзы ерігеннен кейін ішіңіз.

[✴]  9. Шырын құрамында көп мөлшерде секер мен органикалық қышқылдар болатындықтан, шырынға аз ғана су қосып арнайы шырын сорғыш құралдармен сорып ішкен жөн. Немесе шырынды ішкеннен кейін ауызыңызды сумен шайып отыруыңыз керек.

[✴]  10. Егер асқазаныңыз ауыратын болса, шырынды ішпегеніңіз жөн.

kenester.kz         
нравится:    1419
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии