12 Декабрь
12:23
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
12 мамыр 11:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үйдегі заттарды мінсіз тазалаудың тәсілдері
Біз Сіздерге үйіңізді мінсіз етіп таза ұстауға көмектесетін 40 пайдалы кеңестерді ұсынамыз.


1. Енді ғана жанып кеткен лампочканы ескі тенисс добының жартысымен бұрып алып тастау ыңғайлы.


2. Үйдегі жиһаздардың орын ауыстыру кезінде, еденнің сызылып қалмауы үшін үстелдер мен орындықтардың аяғына шұлық кигізіп қойыңыз.

3. Ыдыс жууға арналған құрғақ губканы қағазға арналған қысқышта пайдаланған ыңғайлы.

4. Қолға жұққан эмульсиондық бояу дақтарын балаларға арналған майдың көмегімен оңай кетіруге болады.


5. Үтіктік табанына жабысқан  қақты таза қағаздың үстіне тұзды сеуіп үтіктеу арқылы кетіруге болады.

6. Тоңазытқыштағы жағымсыз иістерді болдырмау үшін көкеністерді газеттерге орап қойыңыз.

7. Егер су раковинадан өте ақырын кетіп жатса, онда су кететін тесікке жарты кесе тұзды бір литр суға езіп құйыңыз.

8. Зәйтүн майы тот баспайтын болатты ыңғайлы тазалайды. Металды майланған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін құрғақ қағаз ораламен жылтырағанша сүртіңіз.


9. Хромнан жасалған бұйымдарды жылтырағанша тазалауға балаларға арналған май көмектеседі. Мақтадан жасалған шүберекке аздаған майды жағып, хром бұйымның үстерін  сүртіңіз.

10. Ерін далабынан қалған қалдықтарды шашқа арналған лактың көмегімен алып тастау. Егер киімді кір жуатын машинада жуатын болсаңыз, онда даққа  лакты жағып, 10 минут қалдырыңыз, сосын құрғақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз. Содан кейін ғана кір жуатын машинаға салыңыз.


11. Алюминді фольганы шыны ыдыстардағы дақтарды кету үшін пайдалануға болады. Фольганы дөңгелектеп орап, оны күнделікті ыдыс жуатын губкамен бірге пайдалану керек.

12. Күмісті тазалау үшін кәдімгі соданы пайдаланыңыз. Кастролдің үстіне жайылған  алюминий фольгаға күміс бұйымдарды салып, оның үстіне сода ертіндісін құямыз (¼ кеме ас содасы, бірнеше ас қасық тұз және литр қайнаған су). Бірнеше минутқа жауып қою керек. Осы химиялық реакцияның нәтижелерінде күмістің үстіндегі қара дақтар жоқ болады.


13. Автомабилдерді жылтыратуға арналған балауыз раковиналарды, крандарды және душқа арналған кабиналарды жарқыратады және ол су мен сабыннан дақтардың пайда болуын қорғайды.


14. Бор ас қасықтарының күңгірттенуінен қорғайды. Бордың нілі сорылған дәкемен заттарды орап, оны ас қасықтар салынған қорапқа салып қоюға болады.

15. Қайнатылған жұмыртқаның қабығын бөтелке немесе вазаны тазалау үшін пайдалануға болады. Қабықтың бір бөлігін салып жіберіп, оған ыдыс жуатын құралды тамызып, аздаған су қосыңыз да жақсылап шайқаңыз.


16. Күдерге түскен аздаған қалдықтарды тырнаққа арналған пышқының көмегімен тазалауға болады.

17. Төсеніш жағындағы жиһаздарды жуу кезінде олардың бастапқы түстерін қалпына келтіру үшін оларды шаншықымен тараулау керек.

18. Соданы киімдерге арнаған сергіткіш ретінде пайдалануға болады. Киімдер мен төсек-жабдықтары туратын сөреге ашық қорапқа салынған соданы қойып қою керек.


19. Құбырлардың бітелуін соданың көмегімен жоюға болады. Раковинаның су ағатын тесігіне жарты стақан суды сеуіп, сосын оның үстіне жарты стақан сірке суын құйыңыз. Сосын үстін ылғалды шүберекпен жауып, 5 минут күтіңіз. Содан кейін ыстық сумен ағызыңыз.


20. Цитурстық өнімдердің қабықтарына аздаған тұз қосып дайындалған ертінді  кеседегі кофе дақтарын жақсы кетіреді.

21. Қалып қойған ыдыстағы заңтаңбаларды ыстық фенді ұстай отырып оңай алып тастауға болады.




22.Лимонды шырынның ағартқыштық рөлі жоғары. Кір жуу кезінде  ¼-ден ½  дейін кеселік лимон шырындарын суға салып жусаңыз, ол жуылатын киімге жаңа өң беріп, ағартады.


23. Банкідегі  жағымсыз иістерді кетіру үшін оны бір қасық қышаға бір кесе жылы су қосып жаю керек.


24.  Жыртылып қалған колготкилерлі тастамаңыз. Ол сәндендіргіш шамдардың шаңдарын сүрту үшін өте ыңғайлы.
25. Ваза мен бөтелкенің қол жете бермейтін жерлерін күріштің көмегімен тазалауға болады: вазаға немесе бөтелкеге бір қасық дәндерді салып, аздаған жылу су қойып біраз шайқау керек.
 

26. Үлбіреген бокадарды ыдыс жуатын машиналарда жууға қорықпаңыз, бірақ оларды резеңкелі шығыршықтардың көмегімен торға ақырын байлап қойыңыз.


27.  Жұмсақ жиһаз үстінен жүндерді резеңке қолғап киіп, оны аздап сулап алып, қолмен сүртіп шығу керек, сол кезде барлық жүндерге қолға жинала қалады.

28. Тамақ пісірге табақшаларды тұзды сумен жуған дұрыс.

29. Тігістерді сөгу үшін тазалауға арнаған щетканы немесе шаңсорғышты пайдалануға болады.

30. Ағаштан жасалған жиһаздарды түсіне сәйкес келетін аяқ киімге арналған жақпа майды жағу көмегімен жаңартуға болады.

31. Аздаған суға ерітілген қант қолдың майын кетірудің таптырмас құралы.

32. Ескі электрлық тіс шеткасымен кафелді плитка арасындағы қосуларды мінсіз тазалау өте ыңғайлы.

33. Линолеум жылтырауықтарын тіс пастасының көмегімен қалпына келтіруге болады.

34. Кофейнді сүзгілермен теледидар немесе компьютер экрандарын сүрту ыңғайлы.

35. Лимон ағаштан және пластиктен жасалған әртүрлі тақтайшалардың дақтарын кетруге көмектерін тигізеді. Лимонды ортасынан кесіп ластанған беттердің үстіне 20 минут уақытқа дейін қойып кетіңіз. Содан кейін жылы сумен жақсылап шайып тастаңыз.

36. Жууға арналған қаптар ыдыс жуатын машинада ұсақ заттарды (балалар бөтелкесі сияқты) жууға да жарай береді.

37. Трикотажды абажур бойынша киімдерді тазалау үшін роликпен жүріңіз.

38.Шынаға немесе айнаға жапсырылған қажет емес жапсырмаларды алып тастау үшін оған майонез жағып, сосын майысқақ шпателдің көмегмен  оңай қырып алып тастауға болады.

39. Кофе тартқышты тазалау үшін, бір уыс күріш жеткілікті, сосын оны құрқақ шүберекпен жақсылап сүртіп тастау керек.

40. Мыстан жасалған бұйымдарды тазалау үшін сірке суына дәл сондай мөлшерде тұз бен ұн салу керек. Дайын болған быламықты жұмсақ шүберекпен бірге сүртіңіз. Содан кейін таза сумен шайып тастаңыз.
 

 
нравится:    2391
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии