|    |  
20 шілде 2019
01:47
қаз
Үйдің энергетикасын тазалау
25 маусым 2019, 13:32 153

Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлуы мүмкін?

Энергияны біз көзбен көрмесек те, оның барын жоққа шығара аламаймыз. Бөтен адамдардың арам ойлары, тіл-көздері, жаман ниеттері үйдің энергия тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Одан басқа, жаңа қоныстанған үйдің бұрынғы иелері сол үйде қалай тұрып, не істегені де энергия ретіне сақталып қалады. Үйдің ішінде ұрсыстар, даулар, жан-жалдар жиі болып тұрса, ол да энергетикаға әсер етпей қоймады. Аталмыш себептерден бұзылған энергетика адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етеді. Бұндайдан аулақ болу үшін энергетика тепе-теңдігін сақтап, жаман энергетикадан құтылу керек.

Үй жинау

Үйдің энерегетикасын тазалаудың ең оңай түрі - үй жинау. Үй жинаған сайын, сіз шаң-тозаңмен бірге, жаман энергетикадан да құтыласыз. Сондай-ақ, үй жинар алдында "энергетиканы тазалауға ниеттендім" деп айтқан абзал. 

Жиһаздардың орнын ауыстыру

Энергия үнемі қозғалыста болтындықтан, оның жолында бөгет болмағаны жөн. Дұрыс орынға орналастырылмаған жиһаз энергия ағымына кедергі келтіреді. Қай жиһаздың дұрыс тұрмағанын анықтау үшін, өзіңіз бала сияқты барлық бөлмелерді аралап, жүгіріп өтіңіз. Сіздің қозғалысыңызға ең көп кедергі келтірген жиһазды басқа жерге орналастырған абзал.

Терезелерді жуу

Күн - жердегі барлық тіршіліктің көзі. Мыңдаған жылдар бойы түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігінде, мәдениетінде күннің алатын орны бөлек еді. Қазірдің өзінде күн терапиясы, күнмен емдеу, т.б. сияқты күн энергиясын пайдаланудың жаңа жолдары пайда болуда. Сондықтан, күннің энергиясы үйдің энергетикасын тазалауда да таптырмас құрал. Бірақ, жылына 2 рет жуылатын терезелерден күн энергиясы толық өтпейді. Сонықтан, терезелерді жиі жуып, перделерді күндіз барынша ашып қоюға тырысыңыз.

Ескі нәрселерден құтылу

Біздің адамдардың керек, керек емес нәрселерді жинай беретін әдеті бар. Жылдар бойы сөрелерде шаң жинап жататын ескі киімдер, техника, альбомдар, кілемдер, ыдыстар, т.б. орын алып тұрғаннан басқа, ескі энергетиканы да сақтап тұр. Басқа сөзбен айтқанда, олар қолданыста болған кезде үйде болған бар жақсы-жаман оқиғалардың куәсі ретінде, сол естелектерді бойын жинап қалады. Кейді біз ескі нәрсені көріп, түсініксіз сезімде болып қалатынымыз да сол себептен. Ерінбей бір күніңізді арнап, шынымен пайдаланатын нәрселерді ғана алып қойып, артықтың бәрінен құтылыңыз. Босаған сөрелерді сүртіп, әдемі нәрселермен безендіріп қойсаңыз нұр үстіне нұр болады.

Дыбыспен тазалау

Адам денесі сезетін вибрацилардың ішінді дыбыстың орны бөлек. Қатты дыбыс жиналып қалған жаман энергетиканы тарқатып жібере алады. Ол үшін үйдің ішінде бір ритмді дабыл қағып, бөлмелерді аралап шықсаңыз болады. Дабылды кез-келген дыбыс шығаратын нәрсемен алмастыруға болады: шапалақ, қоңырау, "жел әуені" және т.б. Ең бастысы, шыққан дыбыс құлаққа жағымды болып, өзіңізге ұнау керек.

Үйді хош иістендіру

Дүкендерде үйге арналған дайын иістендіргіштер, хош иісі бар тұттанатын таяқшалар, немесе бөлек сатылатын эфир майлары бар. Солардың көмегімен де үйдің энергетикасын тазалауға болады. Кейбір иістер адамға жағымды әсер етсе, кейбіреулері бас ауруын туғызуы мүмкін. Кейібер иістер (мысалы, цитрус) адамға сергек сезімін сыйласа, енді бір иістер (лаванда, бергамот) ұйықтатып тастауы мүмкін. Сондықтан, иіс таңдағанда мұқият болыңыз.

 Адраспанмен аластау

Адраспан шөбінің емдік қасиеттері ғылыми дәлелденген. Оның түтіні де ауадағы көзге көрінбейтін зиян нәрселерді жояды. Сондықтан, адраспан шөбін тұттатып, үйдің бөлмелерін оң жақтан сол жаққа жүріп тазалар шығуға болады.

Дереккөзі: anabol.kz


Жаңалықтар