19 Август
02:06
Астана: 14 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
2 желтоқсан 15:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үйдің ішінде ақшаны қай жерде сақтауға болады?
Үйдің ішінде ақша сақтау мәселесіне екі жақтан қарауға болады. 
Пәтердің қай жерінде ақша сақтауға болады

Бірінші: «Ақшаны тонаушылар таба алмайтын үйдің қай жеріне сақтауға болады?» – деген түсінік бізге, пластикалық карталар болмаған, ал банктерді қарапайым жұртшылық әлдебір күрделі және клиенттердің қатарына арнайы қабылдауды талап ететін нәрсе деп ойлаған кездерде пайда болған. 

Екінші: «Байлықтың энергетикасы жақсы болуы және көбейе беруі үшін ақшаны қайда сақтаған жөн?» – деген түсінік соңғы жылдары кеңінен тараған фэншуй тәжірибесімен байланысты. Екі сұрақты да рет-ретімен талдап өтейік.

Тонаушылар әдетте біреудің айтуымен келеді және іздегенін тапқанша кетпейді. Сондықтан қанша қарабайыр болып естілсе де, ақшаны үйде емес, банкте немесе карточкада сақтаған жөн. Бірақ әр түрлі жағдайлар болады. Егер сәтсіз тәжірибеңіз банктермен байланыспауға мәжбүр етіп отырса, онда бірегейлігіңізді барынша көрсетіп, қолма-қол ақшаны өзгелерден бір де бір рет естімеген жерге тығып қойыңыз. Төсек-орын, унитаз күбішелері, сурет жақтауларының асты жарамайды. 
Анық шешімдердің бірі кітаптар топтамасы өте көп болған жағдайда соларды ақша сақтайтын жерлер ретінде пайдалануға болады. Бұл амал кітаптардың барлығын сілкіп қарау адам төзгісіз жұмыс болғандықтан қолайлы болып табылады. Бұның қарама-қайшы жағы, қаржыңызды қай кітапқа тығып қойғаныңызды ұмытып қалуыңыз мүмкін; оны келесі ұрпақтарыңыз ғана тауып алса керек, онда да егер олар толығымен электрондық кітап оқуға көшіп кетпесе. Ал ұры, керісінше, жолы болып тура сол ақша тығылған кітапқа тап болуы мүмкін. 

Ақшаны үйіңізде мақсатына ұмтылған тонаушыдан сақтап қалу қиын болса, оны үй ішінде энергияның үйлесу ережелеріне сәйкес сақтауға тырысып көріңіз. Қаржыға ең күшті әсер ету нүктесі үй-жайдың соңында сол жақ шеткі бұрышта орналасқан. Энергияның тұрып қалуына жол бермеу үшін бұл жерді таза, әрі  ұқыпты ұстаңыз. Фэншуй тұрғысынан, ақша үйдің шығыс немесе оңтүстік-шығыс бөлігінде жақсырақ сақталып, жақсы көбейеді. 
Купюралар мен шақа ақшаны осы мақсат үшін арнайы дайындалған қызыл түсті қапшыққа салған дұрыс. Қапшық болмаса, оның орнына сүйкімді қорапша немесе қызыл хатқалта да жарайды. Әрдайым ақшаның сізге не үшін керектігі туралы ойлап жүріңіз. Ойды нақтылау оның іске асуына себеп болады. 
Сонымен қатар байлық аймағын белгілеген де артық болмайды. Ол ақша ағашы немесе шақалар салынған саптыаяқ, болмаса аквариум түрінде болуы мүмкін. Сондай-ақ жүзім де мұқтажсыз тіршілік ету нышаны болып табылады. Ең бастысы, үй ішіндегі ортаны жақсартуды ойластырып немесе оқшау жерді іздеп жүріп жағымсыз бейнелердің пайда болуына жол бермеңіз. Есіңізде болсын: ойдың заттану қасиеті бар.

Дереккөзі: https://kz.everydayme.com/
нравится:    1364
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии