12 Декабрь
06:46
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
8 мамыр 15:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Үйге киетін шәркені өзіңіз тігіп алыңыз
Көпшілік адамдар дәл осы аяқ киіммен  тәуліктің үштен бір бөлігін, керек десеңіз одан да көп уақыттарын өткізіп жатады. Алайда біз үйде киетін шәркеге көп талап қойып жатамыз. Ең басты оның ыңғайлы, аяқта жайлы тұруы және барынша салпылдамауы маңызды екендігі белгілі.
Алайда жақсы шәркені қол жетімді бағаға сатып алуға болады, бірақ өзіңіз қалағандай шәркені қолмен тігіп алуға мүмкінгі бар екендігін  және ол дайын тауардан қарағанда барынша арзандау түсетіндігін көп адам бағамдап жатпайды.

Біз сіздерге  күнделікті қолданылатын материалдардан қарапайым ғана шәркені қалай тігіп алу жолдары туралы айтатын боламыз.

«Маған ондай шәркелер не үшін керек деп, - өзіңізден сұрауыңыз мүмкін. Мәселен, біріншіден, бұл аяқ киімді қонаққа барған кезде өзіңізбен бірге алып жүргенде өте ыңғайлы. Екіншіден, әдемілеп әсемдендірілген шәркені сыйлыққа да беруге болады, мәселен мамаңызға немесе әжеңізге!

Сонымен өзіңізге ыңғайлы нұсқасын таңдаңыз- қолмен жасап көріңіз бұл өте қызық!

Бірнеше минут ішінде кигізден жасалатын шәрке.

Мұндай шәркелер өте ыңғайлы, оны жасау үшінің сіздің санаулы ғана минуттарының кетеді!

Сізге қажет болатын заттар:
Кигіз (қалыңдығы 5 мм),
Бор,
Ине,
Қайшы,
Үлгі.

Қалай жасау керек:

1. Үлгіні сызыңыз: біздің суретте оң жақ аяқ шәркесінің үлгісі сызылған, сол жақ аяқтың шәркес үлгісін сызу үшін, үлгіні аудару керек.
 

Аяқ көлемінен жаңылмас үшін дайын аяқ киімнің ұлтарағын пайдалануға болады. Үлгінің биіктігі (шәркенің ұзындығы) табанның ұзындығымен бірдей болу керек, ал ені үлгімен бірге -  3-4 см ұзын болуы қажет.
 

2. Үлгіні кигіздің үстіне қойып, оны сол үлгімен қиып алыңыз.




3. Енді кезекте бүйірлік бөліктерді қосып, оны инемен  тігу керек.




4. Декоративті элемет ретінде оның үстіне әдемі түймені қадап қоюға болады.



Үйге киетін шәрке дайын!


 Кигізден жасалған шәрке: 2-нұсқа.

Бұл шәркені қолдан жеңіл жасап алуға болады.
 
Сізге 1-нұсқада алынған кигіздік материалдар қажет болады. Бірақ кигізді көлемдірек етіп алу қажет. Шәркенің қанық, ашық болуы үшін түрлі түстерін пайдалануға болады!


Қалай жасау керек:

1. Өзіңіздің аяғыңыз бойынша табандық үлгі сызыңыз, сонымен бірге шәркенің үстіңгі бөлігің де сызыңыз, ол табанның жартысына дейін ұзын болуы, ал ені екі есеге дейін енді боуы қажет.



2. Кигізді пішіңіз. Шәркенің табаны қатты болуы үшін кигізді бірнеше рет  қабаттауға болады.



3. Шәркенің ортаңғы бөлігінен бастап табан мен жоғарғы бөлікті қосып тігіңіз. Ине қалың болуы, ал жіптердің берік болуы қажет.





Сізде өте сүйкімді шәрке дайын болды!


Тоқымалы шәрке

Бұл жұмыспен енді ғана тоқумен айналысып жүрген адамның өзі жасай алады. Күршекпен тоқылған шәркені шұлық ретінде пайдалануға болады, алайда олар шұлыққа қарағанда берік байланып тоқылады. Шәркені тоқу барысында оны аяғыңызға киіп, өлшеп көру артықтық етпейді, жіптің қалыңдығы бұйымның көлеміне тікелей әсер етеді.


Сізге қажет болатын заттар:

Жіп (мәселен, акрила немесе  акрилді жүн жіп),
Күршек.

Қалай жасау керек?

1.Жіптің қалыңдығына байланысты 5-пен 8- ге дейіні аралықта дөңгелектеп торша етіп тоқыңыз.




2. Киілетін үш қатар етіп дөңгелекшелерді қосыңыз, яғни  тығыз кішігірім дөңгелек болғанша.




3. Одан әрі басталған тоқыма аяқ киімды аяғыңызға өлшей отырып, 9-10 қатарларды тоқыңыз.





4. Келесі қатарларды дөңгелек бойынша тоқымай, тура бағытта тоқи беріңіз.




5. Оны  тоқуды аяқ өлшеміндегі өкшесіне дейін жалғастырыңыз.

6. Суртте көрсетілгендей етіп, берік етіп байлап тоқыңыз.




7. Шәркенің шеттерін қосып, аударып тігу қажет. Әдемілік үшін басқа түсті жіптерді пайдалануға болады. Сіздің шәркеңіз дайын!




 
 
нравится:    3121
Теги: Хенд мейд,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии