|    |  
18 қазан 2019
16:38
қаз
Ұйқы алдындағы күтім қандай болуы керек?
26 маусым 2019, 18:18 179
Әрбір арудың арманы – таңертең төсектен сергек, жарқырап, жаңарып тұру. Алайда, ерте жатып, ерте тұрумен бұл мәселе шешілмейді. Ол үшін аз, бірақ маңызды қадамдар жасау керек. Біз ұйқы құшағына енгенде күндіз зақымдалған аймақтарды қалпына келтіру үшін тері жасушалары белсенді жұмыс істейді. Бұл үрдіске түнгі крем секілді көмекші құралдарды қоссақ бәрі әлдеқайда тезірек болмақ. Дәл осы туралы толығырақ төменде айтылады. 



Ұйқыға уақыт бөлу 

Барлық сұлудың басты ережесі – дұрыс ұйқы. Ерте жатудың пайдасы расымен де шаш етектен. Кеш түскеннен таңғы төртке дейін теріде мелатонин гормонының ең көп мөлшері бөлінеді. Бұл гормон күйзеліспен және еркін радикалдармен белсенді күреседі. Ол ауысымға қаншалықты ерте түскен сайын тері үшін соншалықты жақсы болмақ. Мұны білген Софи Лорен кешкі сағат тоғыздан кеш жатпауға тырысады екен. Ол өз сұлулығын 71 жасына дейін мүлтіксіз сақтады. 

Теріні еркелету 

Тері дымқыл ауаны өте жақсы көреді. Сол себепті жатын бөлме ауасының дымқыл болуын қадағалаңыз. Арнайы ыдысқа құйылған суға бірнеше тамшы эвкалипт майын тамызсаңыз, тыныс алуыңыз бен ұйқыны жақсартады. 

Массаж 

Басқа арналған массаж шаш түптеріне қанның жақсы айдалуын қамтамасыз етеді. Осылайша, түкті фолликулдар қажетті құнарын алып, шаш тез өседі әрі қатты болады. Массаж техникасы мынадай: екі қолды пайдалана отырып, бас бармақпен басты жайлап басыңыз. Дөңгелек қозғалыстармен соңынан ортасына қарай жылжыңыз. Сонан кейін саусақ ұштарымен шаш аймақтарын, желкеден маңдайға қарай уқалаңыз. 

Қол күтімі 

Қарттықтың белгісі қолға бірінші шығады. Ал біз қол күтімін ең соңғы орынға қойып жатамыз. Дымқылдылық пен жібектей жұмсақтық беретін кремдерді қалың қабатпен жағу арқылы қолыңызды қуантыңыз. 

Түнгі крем 

Түнде сіздің ағзаңыз қалпына келеді. Күндіз алған токсиндер мөлшері (темекі түтіні, шаң, газ, қоршаған ортадан келген кір) түнде теріге сіңіп кетеді. Кері әсерлері болмас үшін тері жасушасын жаңартуды тездететін антиоксидантты түнгі кремдерді қолданыз. 

Бет күтімі 

Таңертең көзқарасыңыз жарқын, бет әлпетіңіз жаңа болуы үшін ұйқы алдында көз айналасына ашытқы сығындысы бар кремдерді жағыңыз. Олар қан тамырларын қатайтып, артық сұйықтықтарды шығарады және көз астының қараюын жояды. Түнде көзімізді жиі уқалайтындықтан қара матадан жасалған маска тағып алғаныңыз жөн. Беттің ісінуінен сақтайтын тазартқыш маскаларды жақсаңыз, беттің қан айналымы жақсарып, ағзадағы артық сұйықтар шығады. 

Шаш күтімі 

Шашым сәнді болсын десеңіз жатар алдында шаш ұштарына нәрлендіргіш маска жағып, түні бойы қалдырып қойыңыз. Жастығым бүлінбесін десеңіз, арнайы сүлгі төсеңіз. Шаш түптерін көтерудің айласы – шашты төбеге буып қою. Резеңке жайлы жатуға кедергі келтіретін болса, жеңіл жібек лента қолданыңыз. Дымқыл шаштар өте сынғыш әрі нәзік келеді. Мамандар жатар алдында шаш жуған қыз-келіншектерге фен көмегіне жүгірместен, кепкенін күтуге кеңес береді. Олар ұйқы кезінде шатасып қалып, бағынудан қалмасын десеңіз, кондиционер жағыңыз да, жумастан жатыңыз. 

Күрделі мәселелерді шешіңіз 

Егер теріңізде қиындықтар болса, мынадай әдіс қолданыңыз: безеу, бөртпе шыққан жерге арнайы қоспа жағыңыз да, беттің қалған бөлігіне дымқылдандырушы, жұмсартқыш крем жағыңыз. Мамандар "Куриозин" және "Солкосерил" сынды дәріханалық гельдерді пайдалануға кеңес береді. Олар қабынуды алып, жарақаттарды жазады. Бөртпені мырыш пастасы жақсы құрғатады. 

Ішті дөңгелек қозғалыстармен уқалаңыз (сағат тілі бойынша). Бұл ас қорытылуды тездетеді және теріні тазартады. 

Тіс тазалығы 

Тамақтан кейін тісіңізді тазартып, ауыз қуысын шайқап тұрыңыз. Тісіңізді жиі тазалау арқылы сіз тек сыртқы орта әсерінен қорғанып қана қоймай, жағымсыз иістен де арыласыз. Тіспен бірге тіл мен таңдайды тазалауды ұмытпағайсыз. Тіл мен таңдайға көптеген бактериялар ұялайды. Олардан арылу үшін тіспен бірге тазалап тұрыңыз. Арнайы шайғыш құралдардың көмегіне де жүгініп көріңіз. 

Еркінсу 

Ұйқы алдында теңіз тұзы немесе теңіз балдырының сығындылары қосылған жылы ваннаға түсіп алыңыз. Бұл күні бойы жиналған шлактарды шығаруға, майдың бөлшектенуіне кері әсерін тигізеді. Айтпақшы, ваннадан кейін антицеллюлитті құралдарды жаққан жөн. Жалпы, жеке бас гигиенасын сақтау – әрбір қыздың жазылмаған міндеті. 

Түнде жасауға болмайды: 

1) Кремді қалың қабатпен жағуға. "Көп болған сайын, жақсы" деген ереже түнгі кремге жүрмейді. Қалың қабат маскаға айналып кетеді де, тері демала алмай қалады, нәтижесінде, жылу реттеу үдерісі бұзылады. Түнгі крем сапалы әсер ету үшін оны ұйқы алдында жарты сағат бұрын таза теріге жағыңыз да, бес минуттан кейін сулықпен сүртіңіз. 

2) Көп су ішуге. Жатар алдында кез келген сұйықтықты, суды да, пайдалы айранды да пайдалану ісінуге әкеліп соғады.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар