|    |  
22 ақпан 2019
07:02
қаз
Ұзақ әрі берік қарым-қатынасқа ұмтылатын 4 жұлдызнама белгісі
10 қаңтар 2019, 11:04 18

Кез-келген қарым-қатынас көтерілу мен құлдырау кезеңдерінен өтеді. Кейбір адамдар ыңғайсыздықтың алғашқы белгісі байқала салысымен серіктесімен арадағы байланысты үзеді. Ал енді бір адамдар ештеңеге қарамастан қарым-қатынасты «түзетуге» тырысып, «желімдей» жабысады. Олар сабырлы, ұстамды және сезімтал, өйткені кез келген некеде ұзақ және табанды болу керек екенін біледі. Осындай адамдар арасында әрқашан тұрақты, күшті және жоғары одаққа ұмтылатын 4 жұлдызнама белгісі бар. Күшті қарым-қатынас - бұл олардың басымдығы.

1.Торпақ
Егер сіз торпақпен бірге болсаңыз, онда жүйелілік пен ұстамдылығында кемшілік жоқ екендігіне сенімді болсаңыз болады. Торпақтарға сенім артуға болады, себебі олар  барлық уақытта да айтқан сөздерінде тұрады. Бұл белгі барынша сенімді. Ол қарым-қатынас табысты болу үшін көп жұмыс істеу керектігін тамаша түсінеді. Айтпақшы, ол өзінің барлық инвестициясын салуға дайын. Олар жақсыға ұмтылады. Торпақтар еш уақытта өздерінің жек көрушілік сезімдерінің сыртқа шығуына жол бермейді. Олар кез келген проблеманы кейінге қалдырмай, сол сәтте шешуге талпынады.

2. Шаян
Барлық шаяндар өздерінің жақындары жайлы сезінулері үшін барынша қамқорлық танытады. Бұл белгі адамдарында эмпатия барынша дамыған және олар өздерінің жүріс-тұрысына сақтықпен қарайды. Тіпті ең қиын-қыстау күннің өзінде олар ұстамдылық танытып, қымбат жандарының көңіліне қаяу түсірмейді. Шаяндар көңіл-күйлерін білдіруге келгенде ашық және ішкі дүниесі мен ойындағысын ашық айтады. Олар тез жақсы көреді және тастанды болудан қатты қорқады. Дәл осы қорқыныш шаяндарға «өлім бізді айырғанша» дейтіндей ұзақ мерзімді әрі мығым қарым-қатынасты таңдауға себепкер болады.

3.Бикеш
Бикештер ақылды, зияткер және тапқыр, сондықтан олар кез келген қиындық пен кедергіні еңсере алады. Әсіресе, олардың қарым-қатынасына шығын келтіретіндерден ада болуға қабілетті. Олар мұндай проблемаларды тез арада анықтап, саралай алады. Сол арқылы өздерінің қарым-қатынасын нығайтып, одан әрі жемісті қыла түседі.  «Қайда секіретініңді қара» - бұл олардың ұраны.  Бұған қоса,  әрбір бикеш қарым-қатынаста жұмыс істеу үшін екі адамның қажет екендігін жақсы біледі. Егер онымен тек бір адам ғана жұмыс істейтін болса, онда бұл қасақана жасалған сәтсіз жоба саналады.

4. Таразы
Сіз Таразыға қарағанда барынша төзімді адамды еш уақытта кезіктірмейсіз. Олар адамгершілік тұрғысында толысқан, табысқа жету үшін ауыр еңбек қажет екендігін білетін адам. Таразы қарым-қатынасты одан әрі жалғастыру үшін қандай рецепті керек екендігін біледі және өзіне жауапкершілік пен міндеттеме алудан қорықпайды. Өмір қаншалықты бей-берекетсіз болатындығына қарамастан, таразы сабырлы болып өзгеріссіз қала береді. Олар ұстамды және барлық проблемалар шешу үшін табанды түрде жауап іздейді. Бұл белгі адамдарында махаббат пен қаморлық өте көп. Оны олар өз серіктесіне шынайы әрі ашық беруге тырысады.

http://flytothesky.ru


Жаңалықтар