22 Апрель
14:19
Астана: 14 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Кербез
6 сәуір 15:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұзақ уақыт бойы теріңізді жас қалпында сақтаудың жолдары
Теріні жас қалпында сақтау арманы кез келген адамда, әсіресе әйел адамда көп кезедеседі. Әдемілік индустриясы түрлі жаңа жақпа майлар мен сығындыларды, косметикалық ем-домдарды ұсынып, тез қарқын алып дамып келеді. Алайда ең қымбат жақпа майдың өзі, негізге ережелерді ұстанбасаңыз, сіздің теріңіздің жас күйін сол қалпында сақтай алмайды.


 
Ұйқы
Толыққанды ұйқы секілді біздің өмірімізге ештеңе де әсер ете алмайды, ұйқы сыртқы келбетіміздің жақсы болуына, сау көрінуіне кепіл болары анық. Ұйқы кезінде ағза өз күшін қалпына келтіріп, тері жасушаларының жаңаруы байқалады. Мамандар кешкі 22:00-де ұйқыға жату керек екенін жазады. Алайда бұл кейде мүмкін болмай жатады. Сондықтан түн болғанша ұйықтауға тырысыңыз. Тез ұйықтап қалу үшін, бірнеше ережелерді естен шығармау керек:
 
Ұйықтар алдында бөлмеге ауа кіргізу немесе терезені ашып ұйықтау;
Ұйықтар алдында қызықты кітап оқу;
Ұйқыға бір мезгілде жату.
 
Егер ағза демалмаса, бұл біздің бет-әлпетімізде анық көрініп тұрады. Көз астында қара дақтар пайда болып, бетіміз солғын тартып, ұсақ әжімдер де байқала бастайды. Жиі ұйқының қанбауы терінің ерте солуына әкеледі.
 
Дене белсенділігі
Ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істеу ағзаға да кесірін тигізеді. Қан айналымы дұрыс болмай, сыртқы келбетімізге теріс әсер етеді. Тренажер залдарына бару міндетті емес, алайда таңғы гимнастика жасау немесе жүгіру маңызды. Тіпті 30 минуттық жаттығулар көңіл-күйді жақсартып, сергітіп, бұлшық еттерді қалпына келтіреді.
 
Сондай-ақ гимнастиканы дене үшін ғана емес, бет-әлпет үшін де жасау қажет. Бет терісін қатайтып, оның тартылып, шымыр болуына көмектесетін арнайы жаттығулар да бар.
 
Жымиюдың өзі біздің бет-әлпетіміз үшін жаттығу таптырмас жаттығу.
 
Таза ауа
Дене белсенділігі кезінде таза ауада спортпен шұғылдану айтарлықтай нәтиже береді. Күнделікті жарты сағаттық серуен жасушаларды оттегімен байытып, терінің жағдайына жақсы әсер етеді. Аязды күндері серуен кезіндегі қызарған бетіңіз бен жылтыраған көздеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз.  Түскі ас уақытында серуендеуге болады, болмаса жұмысқа екі аялдама қалғанда түсіп қалып, жаяу серуендеңіз. Оттегінің жетіспеуі әсерінен бетіңізде ұсақ әжімдер мен бөртпелер пайда болады.
 
Дұрыс тамақтану
Тері жас қалпын сақтау үшін, оған дәрумендер, минералдар, пайдалы элементтер қажет екенін естен шығармау керек. Күнделікті тағам тұтыну ережеңізге жемістер, көкөністер, майсыз ет пен ботқаларды, ашымал сүт өнімдерін және жаңғақтарды қосып отырыңыз.
 
Майлардан бірден мүлде бас тарту да дұрыс емес, қайсысы пайдалы екенін білген жөн. Жаңғақтар, авокадо, майлы балықтар, теңіз өнімдері және зәйтүн майы, міне, дұрыс май көздері осылар болып есептеледі, бұларсыз тері әжімнен көрінбей кетері анық.
 
Ал майлы ет, фастфуд, кептірілген өнімдер, тәттілер әжімнің тез түсуіне жағдай жасайды, бет терісіңізді солғындатады, бөртпелердің шығуына түрткі болады.
 
Күннен қорғану және ылғалдандыру
Әдемі әрі тегіс күнге күю сәнге айналғалы қашан, барлық қыздар әлеуметтік желідегі әдемі суреті үшін сағат бойы күн астында отыруға құмар. Алайда күн сәулесін көп қабылдау, денеде, бет терісінде пигменттік дақтардың пайда болуына әкеп соқтырады және теріні құрғатады, бұл әжімнің ерте түсуіне әкеп соғады.
 
Бұл күн сәулесі ваннасын пайдалануға болмайды деген сөз емес. Келесі нұсқаулықтарды орындау керек:
 
Күндізгі сағат 10-нан және кешкі 5-тен кейін күн сәулесіне қыздырыну керек;
Әрдайым SPF қорғанысты пайдалану шарт;
Жаз айында ұзын бас киімдерді киіп жүру бетті күн сәулесінен қорғауға көмектеседі.
 
Зиян әдеттерден арылу
Темекі шегу және ішімдік тұтыну біздің өміріміздің он жылдықтарын сорып алады, қырық жастан асқанда белсенді түрде темекі шегетін әйелдер өмір қиыншылығын көрген апаға айналары анық. Никотиннің ағзаға әсерін ешқандай басқа ем-домдар жоя алмасы да белгілі.
 
Күнделікті осы ережелерді ұстаныңыз, өзіңізді күтіп, күліп жүріңіз, сонда сіздің бет терісіңіз ішкі көңіл-күйіңіздің айнасы іспеттес болады, нәтижесі көз қунатады.
 
Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com
нравится:    195
Теги: Главная, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии