Кербез
9 сәуір 11:39
Ұзын тырнақтардың құпиясы
Кез келген әйел заты әдемі, ұзын, сау тырнақты армандайтыны анық. Мұндай тырнақта кез келген лак әдемі көрінері де белгілі. Қолдың өзі анағұрлым күтімі жақсы көрінеді. Егер әйел ұзындығы бірдей әдемі тырнағын өсірсе, мұның өзі де көп нәрседен хабар беріп тұрары белгілі. Яғни ол әйелдің бойынан бұл шыдамдылық, өзін сүюі, күтуі дегендей мәселелерді көруге болады.


 
Бір тырнағы сынып қалса, барлығын қиып тастайтын әйелдер де кездесіп жатады, Иә, бұл қажетті шешім, өйткені тырнақтарыңыздың ұзындығы бірдей болмағаннан кейін еш әдемі болып көрінбей тұрады. Бұл керісінше, әдемілікке қарсы әсер етіп, кемшілікті көрсетіп тұрады.
 
Тырнақ күтіміне байланысты жинақталған кеңестерге көңіл бөліңіз. Өзіңізді күтуден еш жалықпаңыз. Сол кезде сіздің қолыңызды рахаттана сүйетін болады, барлық әлем аяғыңызға құлап тұрғандай әсер аласыз.
 
Ұзын тырнақ өсіреміз
1. Қоректендіру туралы ұмытпаңыз. Тепе-теңдік көп нәрсені шешеді. Дәрумендердің жетіспеушілігі шаштың да, тырнақтың да өсуіне жол бермейді. Дұрыс тамақтануыңызды қадағалағанда ғана теріңіздің, тырнағыңыздың және шашыңыздың жағдайының жақсарғанын байқайсыз.
 
2. Тамақтандыңыз ба? Суды да ұмытпаңыз. Тырнақтар да – тері секілді. Су олардың иілгіштік қасиетін жақсартады. Бұл дегенің күні бойы тырнағыңызды суға салып отыру деген сөз емес. Керісінше, одан тырнақтар одан сайын зақымданады. Бұл жерде мәселе суды ішуде болып тұр. Тәулігіне 2000 мл су ішкен орынды.
 
3. Дәрумендер. Тырнақтарыңыздың дұрыс өсуіне тәуліктік дәрумендер кешенін ала алмайсыз. Сондықтан да өзіңізге кешенді препараттарды сатып алғаныңыз дұрыс. Олардың құрамында міндетті түрде В, А, және Е тобындағы дәрумендер болғаны орынды. А және Е дәрумендерін тек ішке қабылдау үшін ғана емес, сыртынан жағу үшін де пайдалансаңыз болады. Яғни капсула түрінде сатып алып, тырнағыңызға жағасыз. Бұл тек бір рет қана жағуды білдірмейді, толыққанды курс ретінде пайдалануыңыз керек. Қанша күн істеу қажет дейсіз бе? Шамамен екі апта жетерлік. Алайда екі аптадан кейінгі тырнақтарыңыздың, әдемі, серпімді, қатты болғанын көріп, бұдан әрі де бұл ем-дом шарасын жалғастыра бергіңіз келетіні анық.
 
4. Лимон. Сіз лимонның тырнақтың өсуіне таптырмас ем екенін білдіңіз бе? Оның шырыны тырнақты қатайтып, оны ағартады. Оны тырнақ пластиналарына жақсаңыз болады, араға көп уақыт салмай, нәтиже көз қуантатыны анық.
 
5. Ванналар. Ең тиімдісі — тұз қосылғаны. Маңыздысы — теңіздік, түссіз, иістендіргіш қоспаларсыз. Егер мұндай тұз қол жетімді болмаса не жақын арада болмаса, кәдімгі тұзды да пайдалана беріңіз.
 
6. Майлар. Зәйтүн майы да, өсімдік майы да, кастор майы да жарай береді. Зәйтүн майының пайдасы жақсы әсер берері анық. Ванна қабылдауынан кейін тырнақтарыңызды кептіріп, май жағып қойғаныңыз абзал. Тереңірек сіңуіне мүмкіндік беріп, артынша қолға арналған жақпа май жағыңыз. Жақпа майды тырнаққа да жағуды ұмытпау керек.
 
Үйреншікті майлармен қатар, эфир майларын да пайдалануға болады. Бірнеше майды бір уақытта пайдаланған да дұрыс. Жақсы көмектесетін эфир майларының қатарында иланг-иланг және циструстық (лимон, мандарин, апельсин, грейпфрут) майлары да бар. Теріге тигізбей, тырнаққа жағып отырыңыз.
 
7. Химиялық заттарды көп пайдаланбаңыз. Лактар, эмальдар, барлығы дерлік тырнақ үшін зиян. Халықтық медицина тұрғанда, тырнақты улап қажеті шамалы. Егер түрлі түсті лактарды пайдаланбай жүре алмасаңыз, тырнақтың астына негіз жағуды ұмытпаңыз. Және де лактың құрамына да назар аударыңыз. Күрделі химиялық атаулардың аз болғаны дұрыс. Ацетоны жоқ сұйықтықпен тырнағыңызды сүртіңіз.
 
Химияның болмауы — тазалау құралдарынан да сіздің қолыңызды сақтайды. Үй жағдайындағы түрлі жұмыстар кезінде қолыңызда міндетті түрде резина қолғап болғаны дұрыс.
 
8. Температураның өзгеруі де көп болмауы тиіс. Сыртқа шықтыңыз ба, қолғап киіп алыңыз. Аяздан келдіңіз бе, жылы сумен қолыңызды жууға асықпаңыз.
 
Ұзын тырнақтың күтімі
Ұзын тырнақтың құпиясын біле отырып, тек оны күтім жасаудың жолдарын үйренсеңіз болғаны. Сау әрі ұзын тырнақты өсіру үшін уақыт пен шыдамдылықтың керегі анық. Тек қана жеткен жетістікті сақтай білген дұрыс. Қиын аса ештеңесі жоқ. Қол мен тырнақтың күтімін әдетке айналдырғаныңыз абзал.
 
1. Тырнақты қиып тастап жүрсіз бе? Болды! Мұны ұмытыңыз! Тек қана егеңіз. Және де егеу құралыңыз тым қатты болмағаны да дұрыс. Жұмсақ, кішкене тотығы болса жеткілікті. Қатты болса, тырнағыңызды зақымдап, ол бөлініп кетуге әкеп соқтырады. Абайлап егеу арқылы, тырнағыңызды дұрыс пішінге келтіріңіз. Жанжағын егеуді әдетке айналдырмаңыз. Олай істесеңіз, тырнағыңыз жұқарып, сынуға бейім келеді.
 
2. Дұрыс тамақтануды жалғастыра беріңіз және тырнағыңызды қатайтатын маскалар мен ванналарды жасаңыз.  Күнделікті қолыңызды жақпа маймен сылап отыруды ұмытпаңыз. Дәрумендерді жағыңыз. Ваннаға қолыңызды салу уақыты жарты сағат. Және де ыстық болмаса суық суды пайдалануға болмайды. Температураның ауытқушылығы кезіндегі ақпаратты назарда ұстаңыз. Тырнағыңыз сына бастайды. Сол себепті барлық ем-дом жылымшы суда жүзеге асырылады.
 
3. Тырнағыңыз жиі демалсын. Лаксыз «тыныс алу» үшін біраз уақытқа қалдырыңыз. Демалыс беріңіз. Тырнағыңыздың ұшы ақшыл емес пе? Сіз оларды лимон сығындысына жиі салып жүріңіз. Сол кезде сіздің тырнағыңыз лаксыз да әдемі қалпын сақтап тұрады.
 
4. Желатинді жақсы көріңіз. Ішсеңіз де, ванна жасаңыз да болады. Желатинді желеге қосатынын естен шығармаңыз. Ал оны пайдалану арқылы түрлі ас мәзірлерін даярлауға да болады. Бұл өнімді десерт ретінде пайдалану сізді жалықтырмасы анық. Желатин шаштың жақсаруына да көмектеседі. Тырнағыңызбен бірге шашыңызды да әдемі қып өсіріп аласыз.
 
5. Саусақтарға арналған массаж. Кез келген қан айналымды жақсартатын уқалау жұмыстарын жасауыңызға болады. Кішігірім қимылдың өзі тырнақтың өсуін жеделдетеді. Қан айналысы жеделдеген сайын оның қоректенуіне де жақсара түседі.
 
Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com

Комментарии




Яндекс.Метрика