|    |  
08 желтоқсан 2019
00:19
қаз
Василиса Володина келер жылдың кімдер үшін сәтті болатынын айтты
02 желтоқсан 2016, 12:52 47

 
Қазақстандықтарға «Давай поженимся» телебағдарламасы арқылы таныс болған белгілі жорамалшы Василиса Володина келер жылдың қай зодиак белгілері үшін сәтті болатынын айтты. Тауық жылы барша қауым үшін жайлы болады дейді. Дегенмен ерекше сәттілік кімдерге бұйыруы мүмкін екенін біле жүрейік.
 
Суқұйғыштар, Таразы, Тоқты, Егіздер мен Арыстандар
 
Осы белгілерде туған адамдардың келер жылы айы оңынан тумақ. Ойларына алған кез-келген ісін еш қиындықсыз іске асыруларына мүмкіндік бар. Бұл жылы ең алдымен олардың жан-жағына, орын алып жатқан оқиғаларға, өзіне және маңайындағы адамдарға деген көзқарасы өзгереді. Өз күші мен жақындарының қолдауы бұл белгіде туған адамдарға барлық істе бақ сынап көруге мүмкіндік бермек.
 


Торпақ, Шаян мен Тауешкі
 
Бұл белгіде туған адамдардың жөнсіз уайымды азайтқаны абзал. Тіпті биылғы жылдың сәтсіздіктерін де жүрекке жақын алудың қажеті жоқ. Әр істе, кез-келген таныстықта шешімді әбден ойланып қабылдаған жөн. Жұлдызшы сондай-ақ көп жағдайда күресу керектігін ескертеді. Мәселен шаяндарға іштей өз-өздерін танып, ойларын жинақтап, тоқтамға келу керек. Анығырақ айтқанда, алдына нақты мақсат қойып, ойға алған істері мен армандарына қарай қадам басуы қажет. Ал торпақтарға жалқаулықты қойып, белді бекем бумақ керек. Себебі таңның атысы, күннің батысы тыным таппайтын тауықтар жалқаулықты жақтыртпайды.
 
Мергендер, Балықтар, Сары шаян мен Бикештер
 
Бұл белгілерге жеке өмірі үшін күресу қажет болады. Дәл осындай күресте олар өз күштерін тексеріп, мүмкіндіктерін бағалай алады. Келер жылы бұл белгілер үшін күтпеген сәттіліктер бұйыруы мүмкін. Жеке өмірінде де, жұмысында да тілектері орындалады. Тек шынайы ниеттеніп, бар күштерін салулары қажет. Тауықтың бір орында отырмайтын, тынымсыз жандарға жақын екенін ескеріңіз. Василиса Володина бұл белгіде туған адамдарға позитивті ойлау қажеттігін ескертеді. Себебі шын қалап, ойлаған дүниенің жылдам жүзеге асу  мүмкіндігі бар. Сол себепті де жетістікке жету үшін поитивті ойлаудың маңызы жоғары.



Дереккөз: smootrim.ru


Жаңалықтар