Спорт
22 тамыз 10:09
​Василий Левиттің бала күнгі арманы орындалды

 
Рио-2016 ойындарында ел қоржынына күміс медаль салған боксшы Василий Левит өзінің инстаграмдағы парақшасына Иса Пайғамбардың әйгілі мүсінінің алдында тұрып түскен суретін салып: «Бала күнгі арман орындалды. Мен бұл жерге келдім»-деп жазған.
 
Иса Пайғамбардың екі қолын жайып тұрған әйгілі мүсіні  Рио-де-Жанейроның Корковаду тауының шыңында орналасқан.  Рионың ғана емес, Бразилия елінің символы болып табылады. Ғаламның жаңа жеті ғаламатының бірі деп танылған. Биіктігі – 38 м, салмағы – 1145 тонна. Өңірдегі ең биік нүкте. Мүсінге үнемі жай түседі. Католик епархиясы жай түсіп бүлінген бөлшектерін қалпына келтіріп отыру үшін мүсін тұрғызылған тас қорын арнайы сақтап отырады. Мүсін 1922-1931 жылдары салынған.

Комментарии




Яндекс.Метрика