Әлем жаңалықтары
2 қаңтар 12:39
Велосипедпен трюк жасамақ болып, бір ажалдан аман қалды


Кәсіби велосипедші Энтони Наполитан (АҚШ) трюк жасаймын деп, бір ажалдан аман қалды. Ол орын алған оқиғаны өзінің Инстаграм парақшасында жариялады.

Роликтен 31 жастағы спортшының BMX байкпен әуеде сальто жасап, темір қоршаудың үсінен секіріп өтпек болған сәтін көреміз.

Алайда, трюк сәтсіз аяқталып, спортшы темір қоршаудың дәл үстіне түсіп, кептеліп қалған.

Абырой болғанда, Энтони қауіпті сәттен аман қалды. Ол өзінің велосипедін түсіріп, артында өзі де жерге қарғып түсті.

— Мен бұл сәтті қалай сипаттарымды білмеймін, өзімнің қалай аман қалғаныма әлі де таңмын, — деп жазады Наполитан.

 
 

Дереккөзі: http://life.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика