18 Декабрь
09:24
Астана: -21 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
10 маусым 17:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Велоспорт күйзелістен арылуға көмектеседі
Велоспорт күйзелістен арылуға көмектеседі


Велосипед – жалғыз экологиялық таза әрі қолжетімді транспорт. Сонымен қатар, ол денеге ауыртпалықты аз мөлшерде түсіріп, салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі.
Велоспорт күйзелістен арылу мен жастықты ұзаққа сақтаудың әмбебап жолы. Зерттеулер көрсеткендей, велосипедпен әуестенетіндердің орта жасы басқалармен салыстырғанда 5 жасқа ұзақ екен. 20 жылға жалғасқан бұл зерттеуге велосипедті күнделікті қолданатын 5 мың адам қатысты. Зерттеу нәтижесінде, велосипедті жоғары жылдамдықта айдайтындардың өмір жасы ұзағырақ болатыны дәлелденді. Алайда велосипедті тым тез айдау жүрек аурулары бар, дене жаттығуларына үйренбегендерге зиян болуы мүмкін. Мұндай спорт түрі қимыл-қозғалысында қиындықтары бар, варикозға шалдыққандарға жақсы ем.
Жалпы, велосипедтің адам денсаулығына тигізер пайдалары жайында қысқаша айтып өтейік.
1. Велосипед айдау арқылы жүрек пен тамырлардың жұмысы реттеледі. Бастапқыда жүрегіңізге аздап күш түсіресіз де, артынша оған оттегінің көмегімен демалуға мүмкіндік бересіз. Жүректің бұлшық еті жаттығып, шыдамдылығыңыз арта түседі. Алайда, асыра сілтеп жібермеңіз.
2. Ағзамыздағы зат алмасу құбылысы жылдам жүреді. Ауа арқылы жұғататын аурулардан сақ боламыз. Өкпеміз ашылады.
3. Аяқты шынықтырып, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Егер жүгіруге қиналсаңыз, оны велосипедпен алмастырыңыз. Аяғыңыздың бұлшықеттері қатаяды. Мұнымен қатар, теріңіздегі жаралар да жазылады.
4. Сондай-ақ, велоспорт варикозды емдеуге көмектеседі. Сіз велосипедтің «үзеңгісін» айналдырған сайын қатып қалған қандар тарайды.
5. Велосипед айдау арқылы көзіңіздің көру қабілетін жақсарта аласыз. Күнделікті компьютерге көп уақыт қарап отыратындықтан, көзіміз тез шаршайтыны белгілі, алысқа қарау мүмкіндігінен айырыламыз. Ал, велосипед айдау барысында алыс аймақты бақылайтындықтан, көзіміздің бұлшық еттері демалады.
Егер сіз бұрын соңды велосипедті айдамаған болсаңыз , бастапқыда 20-25 минуттан бастаңыз. Содан кейін күн сайын 10 минуттан қосып отырыңыз. Айдау барысында буындарыңыздың немесе бұлшық еттеріңіздің ауырғанын байқасаңыз, шынығуды біраз уақытқа тоқтата тұрыңыз. Ағзаңызға үйренуге мүмкіндік беріп, артынша қайтадан жалғастырыңыз. Мамандар велосипедті тамақ іше салысымен айдамауға кеңес береді.

Дереккөзі: BAQ.KZ 
 
нравится:    829
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии