21 Август
08:51
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
19 ақпан 10:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Венадағы атақты «Империал» қонақ үйі сатылды


Салтанатты кешеннің жаңа қожайыны – Біріккен Араб Әмірліктерінен шыққан миллардер Халаф әл Хабтур. Австриялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша келісімнің құны 78 миллон АҚШ долларынан асады. «Империал» мейманхана кешені 1863 жылы герцог Филипп фон Вюртембергтың резиденциясы ретінде тұрғызылған. Алайда зәулім сарай он жылдан соң салтанатты қонақ үйге айналады. Қазіргі бес жұлдызды қонақжайда 138 бөлме болса, оның 59-ы люкс. Ал императорлық апартаменттерде бір түнге жайғасу ақысы екі адам үшін 2500 еуроны құрайды. «Империал»-дың жаңа қожайыны Венаға келген сайын осы жерде жайғасатынын және тарихы тереңде жатқан ғимаратқа көптен бері қызығып жүргенін айтады. Сонымен қатар, ол мейманхананы пайда табу үшін емес әсем қала Венада бір меншігім болса деген оймен сатып алғанын да жеткізді. Айта кетерлігі, араб бизнесмені жетекшілік ететін «Әл Хабтур Груп» компаниясына әлемнің люкс санатындағы 7 қонақ үй тиесілі.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    787
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии