22 Сентябрь
08:40
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
18 қыркүйек 10:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Венгрия полициясы босқындарға қарсы газ қолданды
Венгрия полициясы елдің Сербиямен шебіндегі шекараның тікенекті қабырғасынан бері өтпекш болған босқындарға қарсы газ қолданды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.


Алуан түрлі ұрандар мен қорлау сөздерін айтып, қалайда ішке өтуге ұмтылған босқындар тобырын шекарашылар тоқтатты. Бірақ олар бұған тынши қоймады. Олар шекарашыларға тас пен таяқ лақтыруға кіріскен. Сол кезде венгер құқық қорғаушылары газ қолдануға мәжбүр болады.

АР өз кезегінде полицейлер серб-венгер шекара сызығын бұзып өтпек болған босқындарға сондай-ақ су шашу құралын пайдаланғаны туралы ақпар таратты. Келушілер мен құқық қорғаушылары арасында текетірес болған жерге қосымша күш жіберілген. Олардың арасында венгердің арнаулы қызмет әскерлері де болған.

Мигранттар бұдан кейін шекара сызығын бойлап ереуіл бастады. Ол әлі жалғасып жатыр.

Мұның алдында Венгрия билігі Сербиямен шекарасына жақын жердегі екі округте төтенше жағдай режимін жариялаған болатын.

Бұрынырақта Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерінен мыңға жуық босқын венгер шекарасына таяу маңда екі лагерь құрып алған еді. Олар Венгрия арқылы алдымен Австрияға, сосын одан әрі Германияға өтуге әрекет жасап отыр.

Атап өтейік, Венгрия заңдары бойынша, шекарадан жасырынып өту қылмысқа бағаланады. Ал қыркүйектің 15-нен күшіне енген жаңа ережеге сәйкес, шекарадан өту тәртібін бұзған контрабандашыларға берілетін жаза анағұрлым күшейіп отыр.

Қазір Еуропа Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан бергі аралықтағы адамдар көші-қоны жөніндегі ең қиын жағдайды бастан кешіп отыр. Солтүстік Африка, Азия және Таяу Шығыс елдеріндегі соғыстың, экономикалық дағдарыстың салдарынан олардағы тұрғындардың бір бөлігі кәрі құрлыққа қарай кең ауқымды үзіліссіз қозғалысты бастап кетті. БҰҰ-ның анықтауы бойынша, биылғы жылдың басынан бері Еуропаға Африка мен Азия елдерінен 300 мыңнан астам адам келіп үлгерген.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    750
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии