13 Декабрь
21:05
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
28 қазан 15:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Вера Брежнева өзінің үйлену тойынан қашып шықты (видео)
“ВИА Гра” тобының экс-солисі Вера Брежнева мен аталған топтың продюсері Константин Меладзе Италияда некесін қиды. Жас жұбайларды тіркеген Форте-Дай-Марми қаласының әкімдігінен Брежнева қашып шықты.



Сезімдерін көпшіліктен ұзақ уақыт жасырған Вера Брежнева мен Константин Меладзе енді ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Италияда бас қосуды жөн көрген әнші мен продюсердің некесін Форте-Дай-Марми қаласының мэрі Умберто Буратти қиды. Ғаламторда жас жұптың отасқан сәтінен алғашқы видео пайда болды.



Шағын роликте Вера Брежнева әкімдіктен тез қашып шыққаны бейнеленген. Фотографтардың назарына ілікпеу үшін әнші аяғына ыңғайлы аяқ-киім киген.

Жас жұбайлар әдеттегіден тыс ерекше киініп алған: Брежневаның үстінде қарапайым үлпілдек көйлек болса, Меладзе джинс шалбары мен көгілдір пиджак киіп алған.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    1332
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии