|    |  
05 желтоқсан 2019
22:04
қаз
Виктор Цой туралы фильмді түсіру жұмыстары тоқтатылды
26 тамыз 2017, 14:08 52


Режиссер Кирилл Серебренников түсіріп жатқан Виктор Цой туралы «Жаз» («Лето») фильмін түсіру жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы фильмнің продюсері Илья Стюарт мәлімдеді, деп хабарлайды «Интерфакс».

«Фильмді түсіру жұмыстары техникалық сахна мен сахналарды түсіргеннен кейін-ақ тоқтатылған болатын. Бұл сахналарды актерлер және топ режиссермен бірге оның ескертулерін ескере отырып дайындық жұмыстарын жүргізген болатын», — дейді продюсер.

Мәлімдемеде жобаның кинематографистсіз аяқталуы мүмкін еместігі айтылады. «Кирилл Серебренников — біздің режиссеріміз және өте жақын досымыз, оның фильмі өзінің қатысуынсыз аяқталуы мүмкін емес. Түсіру тобы мен біздің барлық әріптестеріміз осылай ойлайды. Біз барлық достарымызға және әріптестерімізге соңғы күндері көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз», — дейді.

Естеріңізге сала кетейік, режиссер Серебренников 23 тамызда үй қамаққа алынған болатын. Оған аса үлкен көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.

«Жаз» («Лето») фильмі Виктор Цойдың жасөспірім кезеңін және аты аңызға айналған музыканттың 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басы кезеңдегі өмірі мен шығармашылық жолын бейнелейтін болады.


Дереккөзі: https://lenta.ru

 
 


Жаңалықтар