|    |  
20 қазан 2019
16:15
қаз
Виктор Цойдың соңғы махаббаты туралы фильм түсіріледі
22 шілде 2017, 19:37 35
Режиссер Алексей Учитель Виктора Цойдың соңғы күндері туралы фильм түсіретінін хабарлады.



Бір қызығы, бұл фильмде Цойдың өзі көрсетілмейді. Оның рөлін ешкім сомдамайды. 

«Бұл Виктор Цойдың соңғы махаббаты туралы картина болады. Ол, ең алдымен, сезімнен сыр шертетін мелодрамалық акцентті фильм», - дейді Алексей Учитель. 

Естеріңізге сала кетейік, режиссер музыкант өмірден өткеннен кейін «Соңғы қаһарман» атты деректі фильм түсірген болатын. Бұл картина рок музыкант фанаттары асыға күтіп жүрген екі фильмнің соңынан шығады. Осыған дейін Кирилл Серебренников пен «Кино» тобының гитарисі Алексей Рыбин Цой туралы фильммен қуантатынын хабарлаған болатын. 

Дереккөз: massaget.kz


Жаңалықтар