Әлем жаңалықтары
14 мамыр 15:25
Викторина қатысушысы аяғын жоғалтқанының арқасында ақша ұтып алды
Британияның «Кім миллионер болғысы келеді?» деп аталатын телебағдарламасында қатысушы Гарет Кендалл 125 мың фунт стерлинг ұтып алды.


 
Қызығы сол оған өзінің апатқа ұшырап, аяғын жоғалтқан жердің атауына қатысты сұрақ келген.

Оған «Орта ғасырдағы Аркарт қорғанының үйінділері қай өзеннің жағасында жатыр?» деген сұрақ келген.
 
Ал Гарет 2012 жылы Аркарт қорғанынан 21 шақырым жердегі Инвернесс қаласының маңында жол апатына түсіп, аяғынан айырылған. Ол жол апатына дейін сол қорғанның қираған үйінділерін көруді жоспарлаған.  

Шоу жүргізушісі Джереми Кларксон бұл шығарылымның эфир тарихында үздік бағдарлама болғанын айтты.

Дереккөз: https://life.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика